Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бір жылда 4% қымбаттады
Жылдық мәнде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 4,1% өсті.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен аптада 0,1% төмендеді, ал жылдық мәнде 4,1% өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.
2023 жылғы 5 желтоқсандағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:
- құмшекер – 410 тг/кг;
- күнбағыс майы – 745 тг/л;
- рожки – 317 тг/кг.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар табысының 90 пайызын азық-түлік пен тұрмыстық тауарларға жұмсайды
Қарақұмық пен картоп 0,9% арзандаған. Ал бірінші санаттағы жұмыртқа 1,2% қымбаттаған. Тазартылған күріш, сиыр еті, пастерленген сүт (2,5%), сүзбе және тұз бағасы 0,1% өсті.