Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі жедел штаб құруды тапсырды.

Әкімдік Қостанай облысы Әулиекөл, Ұзынкөл және Қарабалық аудандарының тұрғындарына дәрі-дәрмектер, киім-кешек, азық-түлік, жеке гигиена заттары және тағы басқа заттар тиелген гуманитарлық автокеруен жіберді.

"Сонымен қатар Amanat партиясының филиалдарында 13 гуманитарлық көмек пункті ашылды. Оған немқұрайлы емес азаматтар киім, төсек-орын жабдықтарын және бірінші кезекте қажетті заттарды ікеліп жатыр", – деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Оқи отырыңыз: Қостанай облысындағы өрт: Кәсіпкерлерге арналған штаб құрылды