Тікелей эфир

Ақтөбеліктер Қостанай облысына гуманитарлық көмек жіберді

"Ақтөбе халқы Қостанаймен бірге!" атты гуманитарлық керуен жолға шықты.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі жедел штаб құруды тапсырды.

Әкімдік Қостанай облысы Әулиекөл, Ұзынкөл және Қарабалық аудандарының тұрғындарына дәрі-дәрмектер, киім-кешек, азық-түлік, жеке гигиена заттары және тағы басқа заттар тиелген гуманитарлық автокеруен жіберді.

"Сонымен қатар Amanat партиясының филиалдарында 13 гуманитарлық көмек пункті ашылды. Оған немқұрайлы емес азаматтар киім, төсек-орын жабдықтарын және бірінші кезекте қажетті заттарды ікеліп жатыр", – деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Оқи отырыңыз: Қостанай облысындағы өрт: Кәсіпкерлерге арналған штаб құрылды


 

Серіктестер жаңалықтары