Ақсу қаласының тұрғынынан құны 2 млрд теңге болатын киік мүйіздері табылды
Мүйіздерді облыстық Полиция департаментінің ҰҚҚКБ мен ҰҚКД қызметкерлері тәркіледі. Бұл туралы polisia.kz жазды.
Ұсталған Ақсу қаласының 49 жастағы тұрғынының гаражын тінту кезінде киік мүйіздері сақталған 8 жәшік табылды. Жалпы салмағы 170 келіге жуық болатын Қызыл кітапқа енген жануардың 800-ге жуық мүйізі тәркіленді.
"Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бірқатар сараптама тағайындалды, соның ішінде биологиялық және трассологиялық. Ұсталғандардың мемлекетке келтірген зияны шамамен 2 млрд теңгені құрады", – деді Павлодар облысындағы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.
Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстан облысында 805 дана киік мүйізін алып бара жатқан браконьерлер ұсталды