"Эйр Астана" бүгінге жоспарланған Алматыдан Дубайға және кері бағыттағы қосымша рейстерді тоқтатты, деп хабарлады әуе тасымалдаушының баспасөз қызметі.

"Дубай әуежайында енгізілген шектеулерге байланысты біз қосымша рейстерді тоқтатуға мәжбүрміз", – деп түсіндірді әуе компаниясы.

Жолаушылар билеттің ақшасын сатып алған жерінде толықтай қайтара алатыны атап өтілді. Сондай-ақ, олар рейстерді қайта брондай алады.

Астанадан Дубайға KM205 рейсі кешікті. Алдын ала ұшып шығу уақыты – 19.00, дегенмен өзгертулер болуы мүмкін. Әуе компаниясының веб-сайтында рейс күйін бақылау ұсынылады.


Оқи отырыңыз: Климатолог Алексей Кокорин: Cу тасқыны енді әр 5 жыл сайын қайталануы мүмкін


Жақында жауған нөсер мен екпінді желге байланысты Дубай әуежайында шектеулер енгізілді.