Тікелей эфир

Air Astana Алматыдан Дубайға және кері қарай қосымша рейстерді тоқтатты

Астанадан ұшатын рейс кешігіп жатыр.

"Эйр Астана" бүгінге жоспарланған Алматыдан Дубайға және кері бағыттағы қосымша рейстерді тоқтатты, деп хабарлады әуе тасымалдаушының баспасөз қызметі.

"Дубай әуежайында енгізілген шектеулерге байланысты біз қосымша рейстерді тоқтатуға мәжбүрміз", – деп түсіндірді әуе компаниясы.

Жолаушылар билеттің ақшасын сатып алған жерінде толықтай қайтара алатыны атап өтілді. Сондай-ақ, олар рейстерді қайта брондай алады.

Астанадан Дубайға KM205 рейсі кешікті. Алдын ала ұшып шығу уақыты – 19.00, дегенмен өзгертулер болуы мүмкін. Әуе компаниясының веб-сайтында рейс күйін бақылау ұсынылады.


Оқи отырыңыз: Климатолог Алексей Кокорин: Cу тасқыны енді әр 5 жыл сайын қайталануы мүмкін


Жақында жауған нөсер мен екпінді желге байланысты Дубай әуежайында шектеулер енгізілді.

Серіктестер жаңалықтары