Аймағамбетов: Халықаралық олимпиада жеңімпазы 4 млн теңге сыйақы алады
Сондай-ақ, осы балалардың тәлімгерлеріне сыйақы беру мәселесі қарастырылған.Халықаралық байқау мен олимпиада жеңімпаздарына бір рет 4 млн теңге беріледі, деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
"Бұл заң президент қол қойған соң, дереу іске асады. Биыл халықаралық дода, олимпиада жеңімпаздары осы мүмкіндікке ие болады. Яғни бір реттік төлем 4 миллион теңгеге дейін жетеді, екіншіден, олардың тәлімгеріне қаржы, сондай-ақ, осы балаларға грант беріледі", – деді министр.
Оқи отырыңыз: "Жартылай кітапхана, жартылай мұражай". Қазақ мектебінің ұлттық моделі қандай болуы тиіс?
Мұнымен қатар, Асхат Аймағамбетов түрлі халықаралық байқау жеңімпаздарына грант беру мәселесі қарастырылып отырғанын айтты.
"Халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздарына ҰБТ тапсырмай, ЖОО-ға түсу мүмкіндігін қарастырдық. Мысалы, химияны керемет білетін оқушы Менделеев олимпиадасынан жеңіспен оралады. Бірақ, ол ҰБТ-ға барған кезде химиямен қатар қазақ тілі, тарихты да жоғары деңгейде білуі керек болады. Менің айтайын дегенім – біз осындай балалардан айырылып қалмауымыз керек. Заңға түзетулер енгізілді, бұл – ата-аналар 10-20 жылдан бері көтеріп жүрген мәселе. Енді осы мәселе шешімін тауып отыр", – деді Асхат Аймағамбетов.
Оқи отырыңыз: ҰБТ-ға дайындалуға арналған тегін онлайн тестілеу іске қосылды