10 тамыз – қазақ ақыны, философ, музыкант, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туған күні. Қазақтың ұлы ақынының туған күніне орай Димаш марафон бастады. Бұл туралы dimashnews жазды.

"Хакім Абайдың туған күні қарсаңында мен бұл керемет челленджді бастаймын. Егер сіз мен сияқты жатқа оқып немесе Абайдың жүрегіңіз қалаған кез келген шығармасын оқып, бейнеге түсіріп, желіге салсаңыз, бұл біздің челленджіміздің бастауы болады. Мен бұл челленджді бүкіл әлемдегі барлық Dears-ке, яғни барлық жанкүйерлеріме, сондай-ақ әріптестеріме жеткізгім келеді. Сізге Абайдың кез келген өлеңін оқып, осы бейнені #AbayChallenge хэштегімен жариялау жеткілікті. Сіздің белсенділігіңізге үміттенемін, достар!" – деп жазды Димаш.

Димаштың өзі марафонды бастау үшін Абайдың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін таңдады.


Оқи отырыңыз: "Бұл – туған күніме арналған шығарма". Димаш Құдайбергеновтің жаңа бейнебаяны жарық көрді.