Димаш Құдайберген туған күнінде барша жанкүйеріне арнап "Өмір" атты жаңа бейнебаянын ұсынды. Бейнебаянда бала кезінен бастап, өнерпаз атанғанға дейінгі өмірі мен шығармашылығы көрсетілген. Бұл туралы dimashnews.com хабарлады.
"Өмір" шығармасында әнші өзімен іштей монолог жүргізіп, ішкі жан дүниесі туралы сыр ақтарады.
"Бейнебаян кезінде көрермен проекторы бар кішкентай қараңғы бөлмеге көшеді. Онда Димаштың өмірдегі ең жарқын сәттерін тамашалауға болады: алаңсыз балалық шақ, музыка байқаулары, "I am Singer" байқауындағы жеңісі, оның сүйікті Dears-і, беделді тұлғалармен танысу және ұмытылмас концерттері… Осы кадрлардың барлығына қарап, Димаш әр сәтті қайта бастан өткергендей", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматыда Димаш Құдайбергеннің муралы қайта қалпына келтірілді
Димаш бұл әнін тыңдармандарына арнаған.
"Өмірдің" әуені де, сөзі де менің ішкі дүниемнен алғаш шыққан туынды, туған күніме арналған шығарма. Мені су бетіндегі алапат толқынға, ызғарлы дауылға қарсы тұруға шақырған барша тыңдарманыма арнаймын. Бұл туынды менің өмірім туралы", – деді Димаш жаңа бейнебаяны жайлы.