Әкімдіктердің жедел деректері бойынша 8 өңірде жөндеуді және қалпына келтіруді қажет ететін 53 мемлекеттік нысан бар. Олар:

  • Алматы – 21;
  • Шымкент – 6;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 2;
  • Алматы облысы – 6;
  • Жамбыл облысы – 7;
  • Қызылорда облысы – 9;
  • Атырау облысы – 1;
  • Ақтөбе облысы – 1.

"Атамекен" ҰКП-ның алдын ала ақпаратына сәйкес ел бойынша жылжымалы (көліктер, арнайы техникалар) және жылжымайтын мүліктер (ғимараттар мен құрылыстар), сондай-ақ тауарлық-материалдық құндылықтарды қоса есептегенде 1 300-ден астам шағын және орта бизнес объектісі зардап шекті. Қазіргі уақытта барлық өңірде келтірілген залалды тексеру және бағалау жөніндегі тиісті комиссиялар құрылған.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Үкіметтің алдында Алматының келбетін бұрынғыдан да жақсарту міндеті тұр


Алдын ала тексеру бойынша коммерциялық нысандардың 221 ғимаратына елеулі залал келтірілген және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын қажет етеді. Оның ішінде Алматы қаласында 215 объект, ШҚО-да 6 объект бар. Шымкент қаласында 2 нысан қалпына келтірілді. Осы объектілер бойынша техникалық сараптамалық тексеру жүргізіліп, техникалық құжаттамалар жасалады және жөндеу жұмыстарының құны анықталады.

Жоғарыда көрсетілген жұмыстар жүргізілгеннен кейін жөндеу-қалпына келтіру үшін объектілер мен шығындардың нақты көлемі айқындалады. Осыдан кейін әкімдіктер зардап шеккен адамдарға өтемақы төлейді. Келтірілген залалды өтеу шараларын жеделдету үшін әкімдіктер "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп жылжымайтын мүлікті растайтын құжаттарын жинақтайды.