6 жасқа толған балалар балабақшадан мәжбүрлеп шығарылып жатыр. Оқу министрлігі бұған не дейді?
Балабақша өкілдері 6 жасқа толған бала үшін мемлекеттен қаржы алмайтынын айтады.Қазақстандық ата-аналар 6 жасқа толған баласын балабақшаға әкелмеуді сұрап жатыр деп шағымданды. Олардың сөзінше, мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істейтін жекеменшік балабақшалар да бұл балаларды қабылдаудан бас тартып отыр, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Әртүрлі өңірде ата-аналар баласы наурыз немесе қазан айында алты жасқа толатын болса да, оларды балабақшаға әкелмеуін өтініп жатқанын бөлісті.
"Алты жасқа толатын баланы 1 тамызға дейін қалдыратын балабақшаны таппайсыз. Бірен-саран ғана. Тауып жатсаңыз, ғажайыптың өзі шығар. Жас ата-аналар жұмыс істеп жатыр. Зейнет жасы ұлғайғандықтан әжелер де қазір жұмыста. Баланы қайда жібереміз?" – деп шағымданды Екібастұз тұрғыны Светлана Гернер.
Оқи отырыңыз: Қызылша жұқтырған бүлдіршіндер балабақшаға жіберілмеуі мүмкін
Балабақша өкілдері алты жастан асқан балалар үшін қаржы алмайтынын айтты. Бұл мәселеге қатысты қарама-қайшылық бар. Алайда білім туралы заңда мектепке дейінгі жастың бірден бастап мектепке барғанға дейін созылатыны жазылған. Үкіметтің "Ұлттық жоспар" қаулысында мемлекеттік тапсырыспен 2-6 жас аралығындағы балалардың ғана қамтылатыны көрсетілген.
"Түркістан облысында бейбіт митинг өткізуге дейін жетті. Біз мұның заңсыз екенін дәлелдеуге тырыстық", – деді Қазақстандағы үздіксіз білім беру қауымдастығының сарапшысы Шарапат Сұлтанғазиева.
Оқу-ағарту министрлігіндегілер құқықтық-нормативтік актілерде балалардың 1 тамызға дейін бара алатыны, бірақ балабақша ата-аналар бала курс аяқталған соң шығарылатыны туралы келісімге отыратынын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда баланы 1-сыныпқа беруге өтініш қабылдау басталды. Қандай құжаттар керек?
"Жұмыс кезең-кезеңімен жүріп жатыр, алайда барлық баланы мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етуге мемлекеттің қоры жетпейді. Сол себепті жекеменшік серіктерді тартып, олар ақша бөліп отыр. Мамандар үнемі осы мәселемен айналысады", – деді мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева.
Заң үкімет қаулысынан жоғары болғандықтан, балабақша иелері де, ата-аналар да қарама-қайшылықты болдырмауды сұрап отыр. Кейбір облыста жергілікті атқарушы билік қаржы тауып, балалардың 1 тамызға дейін балабақшаға баруына жағдай жасаған.