4 пайыздық автонесие неге уақытында басталмады?
ЦентрКредит банкі бүгін түстен кейін өтінім қабылдап бастайды."Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ басқарушы директоры Ғалымжан Әди банктердің неліктен 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие бермей отырғанын түсіндірді. Дәл қазір банктер өтінім беруге келген азаматтардың тек телефон нөмірін алып қалып отыр.
"Қазіргі таңда банктер әлі несие бермейтіндіктен, олар есепшотты да бермей отыр. Өйткені ертең одан да көп ажиотаж болады. Алда банк менеджерлері тізімде тұрған азаматтарға хабарласып, салонға шақырады. Кейін төлем шотын береді. Арада ешқандай айла-шарғы болмауы үшін осылай жасалып отыр. Егер қазір адамдардың барлығы топырлап салондарға кіретін болса, ертең тізімде кім бар, кім жоғын түсінбей қаламыз", – деді Ғалымжан Әди.
Әрі қарай қор директоры "аталған бағдарлама 16 мамырда басталмады" деуге ешқандай негіз жоқ екенін алға тартты. Айтуынша, бекітілген төрт банктің біреуі өтінім қабылдап бастаған.
Оқи отырыңыз:
- 4 пайыздық автокредит: Көліктерді қалай жеңілдікпен алуға болады?
- 4 пайыздық автонесие шарттары анықталды
- 4 пайыздық автонесие: Талапқа қандай көліктер сәйкес келеді?
"Қазір түстен кейін ЦентрКредит банкі өтінім қабылдап бастайды. Ал несие алу жағдайы біраз күннен кейін ғана белгілі болады. Қазақстанның барлық қаласындағы автосалондарда өтінім қабылдайды", – деп қосты Гүлжиһан Хамитова.