Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жидда қаласында Сауд Арабиясының қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиамен кездесіп, меморандумға қол қойды, деп хабарлады діни басқарманың баспасөз қызметі.

Құжатқа сәйкес, тараптар 2023 жылы Қазақстаннан 4 мың адамның қажылыққа баруы жөнінде келісімге келді.

Наурызбай қажы Тағанұлы кездесу барысында қазақстандық қажыларға қолайлы жағдай жасау бойынша министрге келесі ұсыныстарын жеткізді:

  • Қазақстан қажыларын жеткізетін әуе тасымалының қызмет құнын халыққа тиімді бағада бекіту;
  • қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • қонақүй бағасына барынша жеңілдік жасау;
  • қызмет сапасын арттыру;
  • төлем жасау жүйесін оңтайландыру.

Еске салайық, 2022 жылы қазақстандық 4 мың азамат үлкен қажылығын өтеді. Оларға 14 туристік компания қызмет көрсетті.


Оқи отырыңыз: