2023-2024 жылдары мектеп формасы қалай өзгереді?
Бұйрық келесі оқу жылынан бастап күшіне енеді.Келер жылы Қазақстанда мектеп формасына қойылатын талаптар өзгереді. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрінің тиісті бұйрығында хабарланды. Бұйрық 2023-2024 оқу жылында күшіне енеді.
Келесі тармақтарға өзгерістер енгізілген:
9-тармақ:
"Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, белдемше, шалбар, түймелері немесе бекіткіші бар трикотаж кардиган (бомбер), классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады".
14-тармақ:
"Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер, шеврон және т.б.) орналастыруға рұқсат етіледі".
19-тармақ:
"Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен кеңес (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар кеңесі) айқындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі".
Оқи отырыңыз: Қай өңір мұғалімдері жоғары жалақы алады?
22-тармақ:
"Орта білім беру ұйымының басшысы және кеңес (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті) міндетті мектеп формасын енгізу кезінде осы талаптарды басшылыққа алады".
24-тармақ:
"Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары ата-аналарға мектеп формасын отандық мектеп формасын шығаратын өндірушілерден сатып алуды ұсынады. Мектеп формасының жекелеген өндірушілеріне артықшылық беруге жол берілмейді. Ата-аналар өндірушіні таңдауда және мектеп формасын алуда тәуелсіз. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары ата-аналар мен білім беру ұйымдарына әкімшілік аумақта мектеп формасының бірыңғай түсін таңдауды ұсынады.".
26-тармақ:
"Басшы білім алушылардың мектеп формасын сақтауы мәселесін (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар кеңесі) кеңестің талқылауына шығарады".
Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: Директордың бір мектепте 15 жыл басшылық етуі оқыту тиімділігіне әсер етпей қоймайды