18 ақпандағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
Еуро 521—526 теңге аралығында құбылып тұр.
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 499–505 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 18 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 498,75 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,46 теңге. Еуро — 523,09.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 502 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 499 теңге. Еуро 521—526 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 505,3 теңге, сатып алу құны — 499,3 теңге. Еуро 527 теңгеден сатылып, 520 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,34-5,46 аралығында саудаланып жатыр.