17 наурыздағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
Еуро 542—548 теңге аралығында құбылып тұр.
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 498—506 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 17 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 505,15 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,89 теңге. Еуро — 550,31.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 501 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 498 теңге. Еуро 542—548 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 506 теңге, сатып алу құны — 500 теңге. Еуро 547 теңгеден сатылып, 540 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,70—5,85 аралығында саудаланып жатыр.