17 ақпандағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
Еуро 522—527 теңге аралығында құбылып тұр.
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 499–505 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 17 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 495,28 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,44 теңге. Еуро — 518,41.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 505 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 500 теңге. Еуро 522—527 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 505 теңге, сатып алу құны — 499 теңге. Еуро 526 теңгеден сатылып, 518 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,32-5,44 аралығында саудаланып жатыр.