"15-20 мың адам демалады". Алакөлдің жағасынан күніне 10 тонна қоқыс шығарылады
Күн сайын 30-ға жуық жұмысшы көл жағасын таңғы сағат 05:00-ден кешкі 22:00-ге жинайды.Коммуналдық қызмет мамандары көл жағасын таңғы сағат 05:00-ден кешкі 22:00-ге жинайды. Бұл туралы Massaget.kz жазды.
"Жағалаудың ұзындығы – 3,8 шақырым. Жазғы туристік маусымда көл жағалауында санитарлық тазарту жұмыстарын Үржар ауданы әкімдігінің "Мақаншы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны атқарады. 30-ға жуық жұмысшы жағалау мен арбатты күніне үш рет, тротуарлар, автомобиль жолдарының жиегін күніне бір рет қоқыстан, тұрмыстағы қалдықтардан тазартады", – делінген ақпаратта.
Оқи отырыңыз: Алакөлге апаратын жол құрылысы 2024 жылы толық аяқталады
"Мақаншы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны өкілдерінің айтуынша, көл жағасынан күніне шамамен 10 тоннаға жуық тұрмыстағы қатты қалдықтар шығарылады.
Абай облысының ең танымал туристік орны Алакөлдің жағасында күніне 15-20 мың адам демалады. Былтыр бір маусымда шипалы суға түскен туристер саны бір миллионнан асқан.