"Жалақыға дейінгі несие": Микроқаржы ұйымдарының беделі неге түсіп кетті?
Қазақстанда несиелік портфельдің 89,1%-ы екінші деңгейлі банктерге, ал 6,3%-ы микроқаржы ұйымдарына тиесілі.Он жылдан бері үкімет экономиканы технологиялық тұрғыда жаңғыртуды жеделдетуге және цифрлық экономика мен инновацияны дамытуға бағытталған бірнеше мемлекеттік бағдарлама қабылдады. Ал 2020 жылдан бастап микроқаржылық ұйымдар нарығын реттеуге шындап кірісті.
Бұл тұрғыда банктердің ықпалы жоғары болғанына қарамастан, халықтың қарызға батуынан микроқаржы ұйымдарының беделі айтарлықтай төмендеді. Оған көбінесе жеке тұлғаларға шағын несиелер беретін ұйымдар кінәлі дейді сарапшы Асхат Бейсенбаев.
Микроқаржы ұйымдары несиелердің 80 пайызға жуығын кәсіпкерлік мақсатта береді. Олардың екінші деңгейлі банктерден айырмашылығы – комиссияны, несиені мерзімінен бұрын өтегенде, қандай да бір сыйақы, қарыз шарты бойынша міндеттемелерді уақтылы орындамаған жағдайда сыйақы мен өсімпұлды қоспағанда, қарыз беруге және алушыға көрсеткен қызметіне байланысты басқа да төлемдерді өндіріп ала алмайды. Оған қоса, өсімпұлдың жалпы сомасы бір жыл ішінде берілген несие сомасының 10%-ынан аспайды. Бұл да қарыз алушыға тиімді.
Бүгінде финтех құралдарының арқасында микроқаржы ұйымдары несие тарихын автоматты түрде тексере алады. Оған қоса тұтынушыларды қорғау құралдары да қарастырылған.
"Бизнестің көптеген саласы цифрлық жүйеге көшіп алды. Скорингті талдау әдісі алғашқы мәліметтер негізінде-ақ қысқа уақытта шешім қабылдап, белгілі бір шекті көлемдегі қаражатты мақұлдап, оны қарыз ретінде беруге мүмкіндік тудырып отыр. Осылайша, адамдар қаржы құралдарын кедергісіз әрі жедел пайдалана алады. Бізден бұған дейін де адал жолмен пайда тауып жүрген азаматтар табысын арттыру үшін қарыз алады", – деді FinTechLab бас директоры Асхат Бейсенбаев.
Қазақстанда Бірінші несие бюросының деректері бойынша несиелік портфельдің 89,1%-ы немесе шамамен 16,2 трлн теңге екінші деңгейлі банктерге тиесілі. Ал микроқаржы ұйымдары жалпы портфельдің 6,3%-ын ғана (1,1 трлн теңге) құрайды. Басқа банктік емес несие ұйымдарының үлесі – 4,6% немесе 830 млрд теңге.
Оқи отырыңыз: Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы: Ипотека алғандардың жартысынан көбі кейінгі үш айда тағы да несие алады
Заңнамаға енгізуге ұсынылған өзгерістер микроқаржы ұйымдарының нарығын реттеуге бағытталған. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік техникалық қызмет қауіпсіздік талаптарына сай келеді. Асхат Бейсенбаев нарықтың барлық субъектілерінде қолданыстағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті. Мысалы, компаниялар арасында әлі де болса "жалақыға дейінгі несие" деген заңсыздық бар. Негізінде оның жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі болуы керек. Басқа микроқаржы ұйымдарында, соның ішінде автокөлікті несиеге берушілерде де тұтынушылардың өмірі мен мүлкін сақтандыруды жүзеге асыратын бұзушылықтар бар.
"Жеке тұлғалардың жартысынан астамы кепілдендірілген тұтынушылық несиелер қаржысын өз бизнесіне жұмсайды, өйткені олардың белгілі бір мерзімге ақша алатын басқа мүмкіндігі жоқ. Ал мұны ешкім ескермейді. Микроқаржы ұйымдары болмаса олар арам ниетті несие берушілердің қолына түсіп, қаржылық жағдайын одан әрі нашарлатуы мүмкін", – деді Асхат Бейсенбаев.
Оның сөзінше, микроқаржы ұйымы секілді жұмыс істейтін кейбір несие берушілер базарларда жылына 700-1000 пайызбен қарыз беріп, күн сайын оның өтемін алып отырады. Осылайша миркоқаржы ұйымдары нарығын реттеуді күшейту талабы адал ұйымдарға соққы болып тиюі мүмкін, ал заң бұзушылар жағдайды одан әрі ушықтыра береді дейді ол.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда микроқаржылық ұйымдар арқылы алаяқтар рәсімдеген несиелер жойылады
FinTechLab мәліметінше, көбінесе Алматы облысы, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының тұрғындары шағын несие алады. Несиелеу көлемі жөнінен мейрамхана бизнесі, шаруа қожалығы және әртүрлі тауарлардың көтерме саудасы көш бастайды.