Тікелей эфир

Қазақстанда микроқаржылық ұйымдар арқылы алаяқтар рәсімдеген несиелер жойылады

Бұл дерек сотта дәлелдену керек.

Несиені азаматтың өзі емес, оның атынан алаяқтар алған болса, жәбірленуші берешекті өтемейді, бірақ бұл дерек сотта дәлелдену керек, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі онлайн рәсімделетін микронесиелерге осындай өзгертулер енгізіп отыр. Ал сот үкімінен кейінгі процестерді микроқаржылық ұйымдардың өзі атқарады. Мәселен, қаржылық ұйым зардап шеккен азаматтың берешегін 15 күн ішінде есептен шығару керек. Алаяқтық жолмен рәсімделген қарыз өтелмеген жағдайда клиенттің несиелік тарихына түзету енгізіледі.


Оқи отырыңыз: 2023 жылы ауыл тұрғындарына берілетін микронесие саны 15 мыңға дейін артуы мүмкін


Егер азамат алаяқтар алған несиені өзі төлеп жүрген болса, микроқаржылық ұйымы клиенттен өндіріп келген соманы қайтаруға міндетті. Тағы бір ескеретін жайт, микроқаржылық ұйымдар өздерінің ағаттығынан алаяқтардың арбауына түскен азаматтардан несиені төлеуді талап ете алады.

Серіктестер жаңалықтары