Қазақстанда қашан күн жылиды? Алдағы 3 күнге ауа райы болжамы
Қазақстанның солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталығында арктикалық антициклон әсерінен ауа райы аязды болады. Ал оңтүстік циклонның әсерінен республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" баспасөз қызметі.
Алдағы үш күнде таулы аймақтарда қалың қар жауады. Мұнымен қатар республиканың оңтүстік-шығысында аяз біртіндеп әлсірейді. Астанада тек апта соңында ғана аяз сынып, температура -15 градусқа дейін көтерілетін болса, Алматыда апта соңында күн айтарлықтай жылынып, температурат +1 градусқа дейін артатыны туралы болжам бар. Есесіне, демалыс күндері қар аралас жаңбыр жауады. Ал келер апта Алматыда күн райы жылы болады.
"Батыста ауа температурасы түнде 10-25 градус, ал күндіз 5-15 градус аяз болады. Республиканың солтүстік және орталық аймақтарында ауа температурасы түнде 28-38 градус, күндіз 15-23 градус аяз арасында сақталады. Шығыс өңірлерде ауа температурасы түнде – 32-45, күндіз – 20-32 градус, ал оңтүстік-шығыста түнде – 15-25, күндіз 0-13 аяз болады", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Қызыр қамшысы, бесқонақ, бөрісырғақ. Қазақ халқы ауа райын қалай болжаған?
Алматы қаласы бойынша үш күнге арналған ауа райы:
- 20 ақпан: көшпелі бұлт шығып, кей жерлерде қар жауады. Жел жылдамдығы 0-5 м/с болады. Ауа температурасы түнде – 16-18, күндіз – 10-12 градус аяз болады.
- 21 ақпан: көшпелі бұлт шығып, өткінші қар жауады. Жел жылдамдығы – 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде – 16-18, күндіз – 5-7 градус аяз болады.
- 22 ақпан: жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы – метріне 0-5 секундқа жетеді. Түнде – 16-18 градус аяз, ал күндіз ауа температурасы 6-8 градусқа дейін төмендейді. Сондай-ақ қалада көктайғақ болып, арасында қар жауады.
Астана қаласы бойынша үш күнге арналған ауа райы:
- 20 ақпан: көшпелі бұлт шығады, бірақ жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с екпінмен жел соғады. Ауа температурасы түнде – 33-35 градус, күндіз 20-22 градус аяз болады.
- 21 ақпан: көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жаумайды. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с екпінмен жел соғады. Ауа температурасы түнде – 28-30 градус, күндіз – 18-20 градус аяз.
- 22 ақпан: түнде – 30-32 градус аяз, күндіз – 18-20 аяз болады. Күндіз де, түнде де жауын-шашын болмайды.
Оқи отырыңыз: Ауа райының қолайсыздығынан Астана жолдарында бір тәулікте 250-ден астам жол-көлік оқиғасы болды
Шымкент қаласы бойынша үш күнге арналған ауа райы:
- 20 ақпан: бұлтты болады, кей жерлерде қар жауады. Шығыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде – 8-10 градус, күндіз – 2-4 градус аяз.
- 21 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел – 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде – 10-12 аяз, күндіз – 0 градус шамасында.
- 22 ақпан: түнде ауа температурасы – 5-7 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз 1-3 градус жылы болады, тұман түседі.