Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Шара 2021 жылғы 28 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев орталығында өтеді.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын", – делінген Ақорда сайтының хабарламасында.

Қазақстан халқы ассамблеясының жиырма сегізінші сессиясы 2021 жылы 11 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында өткен болатын.