Тікелей эфир

Қазақстан халқы ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясы 28 сәуірде өтеді

Күн тәртібінде – "Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы".

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Шара 2021 жылғы 28 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев орталығында өтеді.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын", – делінген Ақорда сайтының хабарламасында.

Қазақстан халқы ассамблеясының жиырма сегізінші сессиясы 2021 жылы 11 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында өткен болатын.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары