Фируза Шарипова WBA рейтингінің бірінші сатысына көтерілді
Боксшы қыздың басты мақсаты – әлемнің абсолютті чемпионы болу.Үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы, қазақстандық спортшы Фируза Шарипова WBA-ның жаңартылған рейтингінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Информбюро ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Әйелдер арасында жеңіл салмақ дәрежесінде басты белдік иегері бұрынғыдай Ирландия боксшысы Кэти Тейлор. Шарипова екінші орыннан бірінші орынға көтеріліп, осылайша, Тейлор үшін міндетті үміткер атанды.
Ирландия спортшысы бұған дейінгі жекпе-жегін Наташа Джонаспен өткізген. Бұл кездесуге дейін ол рейтингте төртінші орында тұрған, бірақ жеңілгеннен кейін 12-ші орынға бір-ақ сырғыды. Бұл ретте Джонастың Тейлорға қарсы жекпе-жегі тең дәрежеде өткен, ағылшын спортшысы ең аз есеппен ұтылды: 96-95, 96-94, 96-95. Кепілдендірілген гонорарлар (бонусты есепке алмағанда) Тейлор үшін 1,38 миллион долларды, ал Джонас үшін — 485 мың долларды құраған.
Егер Фируза Шарипова мен Кэти Тейлордың жекпе-жегі өтіп, онда қазақстандық спортшы жеңіске жетсе, ол негізгі нұсқалар бойынша әлем чемпионының барлық төрт белдігін жинамақ. Бұл Қазақстан үшін жаңа рекордтық жетістік болады. Кәсіби мансабы жолында Шарипова өзінің басты мақсаты – әлемнің абсолютті чемпионы болу екенін мәлімдеген.
Оқи отырыңыз:
- Жәнібек Әлімханұлы: "Бокс маған кәсіп емес, ол – менің өмірім"
- Қанат Ислам: Көрінгеннің сынына құлақ асатын уақытым жоқ
- "GGG – қазақстандық феномен". АҚШ-тағы қазақтар Геннадий Головкинді қалай қолдады?
- Сидней алтынын сыйлаған Саттарханов. Бекзаттың өмірден өткеніне 20 жыл