"Бүйректегі тасты ыдыратады". Лимон шырынының 15 пайдасы
Екі ас қасық лимон шырынында адамға қажет С дәруменінің тәуліктік мөлшері бар.Лимон құрамындағы аскорбин қышқылының жоғары болуымен ерекшеленеі. Шамамен 100 грамм болатын лимон 34 ккал калорияға ие. Ал оның құрамындағы ақуыз мөлшері 0,9 грамм болса, майлар – 0,1 грамм, ал көміртек 3 грамм шамасында.
Лимон денсаулыққа өте пайдалы жеміс болғандықтан, медицина мен фармацевтикада кеңінен қолданылады. Ол иммунитетті арттырып, ағзаны вирустар мен бактериялардан тазалайды. Жалпы, мамандар лимонның 15 түрлі пайдасын алға тартады:
- құрамында кальций, магний, калий сынды элементтер көп болғандықтан, теріні ылғалдандырып, жансызданудан сақтайды;
- буын мен бұлшық еттегі ауырсынуды басады;
- заталмасуды реттейді;
- ағзадан токсиндерді, өзге де қажетсіз заттарды шығаратын бауырдың жұмысын жақсартады;
- ангина, тыныс алу жолы инфекциясы, миндалиннің ісінуі сынды аурулардың алдын алады;
- ішек жолын тазартады;
- ағзадағы метаболизм құбылысын іске қосады;
- иммунитетті күшейтіп, қартаюды тежейді;
- құрамындағы калийдің арқасында күйзеліспен күресуге септігін тигізеді;
- лимон қосылған су қанды тазартады;
- артериялық қысымды төмендетуге көмектеседі. Күнделікті тұтынатын болсаңыз, қысымыңыз 10%-ға дейін төмендейді;
- құрамында С дәрумені көп болғандықтан, теріні жасартады;
- оның аяғы ауыр әйелдерге де пайдасы мол. С дәрумені иммунитетті күшейтіп, дүниеге келетін сәбидің сүйегін қатырады. Мұнымен қатар, ми жасушаларының түзілуін тездетеді;
- шәй қасық лимон шырынын бір стақан суға араластырып ішсеңіз, асқазан қыжылынан арыласыз;
- бүйректегі тасты ыдыратады.
Оқи отырыңыз: Қан қысымы тұрақты болуы үшін не істеу керек? Дәрігер кеңесі