Тікелей эфир

"Бүйректегі тасты ыдыратады". Лимон шырынының 15 пайдасы

Екі ас қасық лимон шырынында адамға қажет С дәруменінің тәуліктік мөлшері бар.

Лимон құрамындағы аскорбин қышқылының жоғары болуымен ерекшеленеі. Шамамен 100 грамм болатын лимон 34 ккал калорияға ие. Ал оның құрамындағы ақуыз мөлшері 0,9 грамм болса, майлар – 0,1 грамм,  ал көміртек 3 грамм шамасында.

Лимон денсаулыққа өте пайдалы жеміс болғандықтан, медицина мен фармацевтикада кеңінен қолданылады. Ол иммунитетті арттырып, ағзаны вирустар мен бактериялардан тазалайды. Жалпы, мамандар лимонның 15 түрлі пайдасын алға тартады:

  1. құрамында кальций, магний, калий сынды элементтер көп болғандықтан, теріні ылғалдандырып, жансызданудан сақтайды;
  2. буын мен бұлшық еттегі ауырсынуды басады;
  3. заталмасуды реттейді;
  4. ағзадан токсиндерді, өзге де қажетсіз заттарды шығаратын бауырдың жұмысын жақсартады;
  5. ангина, тыныс алу жолы инфекциясы, миндалиннің ісінуі сынды аурулардың алдын алады;
  6. ішек жолын тазартады;
  7. ағзадағы метаболизм құбылысын іске қосады;
  8. иммунитетті күшейтіп, қартаюды тежейді;
  9. құрамындағы калийдің арқасында күйзеліспен күресуге септігін тигізеді;
  10. лимон қосылған су қанды тазартады;
  11. артериялық қысымды төмендетуге көмектеседі. Күнделікті тұтынатын болсаңыз, қысымыңыз 10%-ға дейін төмендейді;
  12. құрамында С дәрумені көп болғандықтан, теріні жасартады;
  13. оның аяғы ауыр әйелдерге де пайдасы мол. С дәрумені иммунитетті күшейтіп, дүниеге келетін сәбидің сүйегін қатырады. Мұнымен қатар, ми жасушаларының түзілуін тездетеді;
  14. шәй қасық лимон шырынын бір стақан суға араластырып ішсеңіз, асқазан қыжылынан арыласыз;
  15. бүйректегі тасты ыдыратады.

Оқи отырыңыз: Қан қысымы тұрақты болуы үшін не істеу керек? Дәрігер кеңесі


 

Серіктестер жаңалықтары