Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша азық-түлік тауарлары бір жыл ішінде 11,6%-ға өскен. Негізгі азық-түлік тауарларының ішінде өсімдік майы (жылына бірден 40,6%) және түйіршіктелген қант (39,1%) бағалары қатты қымбаттаған. Ұн (19,6%), қатты ірімшік (12%) және май (11,8%) едәуір көтерілді. Тек күріштің бағасы (0,6%) жылдық динамикада сәл төмендеді. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.

2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда 309,7 млрд теңгеге азық-түлік өнімдері өндірілген. Былтырмен салыстырғанда 14,1%-ға артық. Өндірістің нақты өсімі 3,1% құрады. Алматы (43,8 млрд теңге) және Қостанай облыстары (38,8 млрд теңге), Алматы қаласы (34,3 млрд теңге) өнім шығарудан көш бастады.

"Өндірілген өнімнің жартысынан көбі – ұн мен жарма, сүт және ет өнімдері. Қант өндірісі жылына 4,5 есеге артып, 34,8 мың тоннаға жеткен. Сондай-ақ, салқындатылған немесе мұздатылған балық (жылына 55,5%-ға, 9,7 мың тоннаға дейін), сары май (51,5%-ға, 3,9 мың тоннаға дейін), өсімдік майы өндірісі артқан (15,1%-ға, 85,3 мың тоннаға дейін)", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда жұмыртқа бір жылда 33%-ға қымбаттады. Неге?


Ұн өндірісі (5%-ға, 516,5 мың тоннаға дейін) мен "қызыл" ет (жылына 15,4%-ға, 10,2 мың тоннаға дейін) өндіру төмендеген.

2021 жылдың қаңтарында ет және құс еті (93,3%), сүт және кілегей (97,1%), ұн (99,6%), күріш (97,1%) сияқты тауарлар сұранысын қамтамасыз ету жақсы көрсеткеш көрсетті. Қазақстандық шұжық (59,1%), ірімшік және сүзбе (55,3%) және қант (52,8%) өндірушілері сұраныстың жартысынан сәл ғана бөлігін жаба алды.

Еске сала кетсек, Хабар24 Қазақстан әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қымбаттауын тоқтату үшін олардың экспортын шектегісі келеді деп хабарлаған болатын. Бағаны ұстау саясатына "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" да қосылады. Ол өзінің арзандатылған жем қорын құс фабрикаларына бөледі, қазақстандық ұн тартушыларға астықты кесімді бағаға береді және 2 000 тонна тазартылмаған майды нарықтағы ең төменгі бағада сатады.