Тікелей эфир

Қазақстанда жұмыртқа бір жылда 33%-ға қымбаттады. Неге?

2020 жылы Қазақстанда құс өсірушілер 5 миллиард жұмыртқа алды, бұл былтырмен салыстырғанда 8,4%-ға аз. 

Ірі 34 құс фабрикасының 13-інде жұмыртқа сату кезінде өзара баға келіскені байқалған, деп хабарлады Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі. Жыл басынан бері екі ай ішінде жұмыртқа 11,5%-ға қымбаттаған (былтыр осы уақытта баға 1,4%-ға арзандаған болатын). Жұмыртқаның қымбаттауына құс тұмауының өршуі мен құстар санының азаюы да әсер еткені атап өтілді.

2021 жылы ақпанда 1-санаттағы жұмыртқа бағасы жылдық динамикада бірден 32,9%-ға және бір айда 3,6%-ға өсті. Елдегі базарлар мен дүкендерде оның құны он данасы үшін 411 теңгеге жетті. Алматыда он жұмыртқаның бағасы 474 теңгеге дейін өссе, Петропавлда он жұмыртқа 340 теңгеден сатылды.

Бір жыл ішінде жұмыртқа өндірісі 18% төмендеген. Мәселен, 2020 жылғы қаңтар-ақпан айларында қазақстандық фермерлер 613,4 млн жұмыртқа алды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 17,9%-ға аз.

Былтыр қазақстандық фермерлер жұмыртқаға деген сұранысты (ішкі нарықта сату және экспорт) 95,4%  жапты, алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 97,6% болған. Осы кезеңде өндірістің төмендеуінен импорт 1,8 есеге өсіп, 245,9 млн дана жұмыртқаға жетті.

Экспорттың үлесі 4%-ды құрады. Қазақстан тек 210,8 миллион жұмыртқа экспорттады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда екі есе аз. Ішкі сатылым 5 млрд жұмыртқаны құрады, алдынғы жылмен салыстырғанда 2,7%-ға аз.

Барлық өндірістің жартысы үш аймаққа тиесілі. Олар:

  • Ақмола (109,4 млн жұмыртқа, бір жылда минус 18,6%);
  • Алматы (107,8 млн жұмыртқа, минус 24,7%);
  • Қарағанды ​​(99,6 млн. жұмыртқа, минус 1, 4%) облыстары.

Бұл жерде "Алсад Қазақстан" ЖШС, "Алматы Сұңқар" құс фабрикасы сұңқар" ЖШС, "Қазгер-құс" ЖШС, "Майқұдық құс фабрикасы" ЖШС, "К.Маркс құс фабрикасы" ЖШС және басқа компаниялар жұмыс істейді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары