Қазақстанда сүт өндірісіне жаңа талап қойылады. "Родина" ауылынан фоторепортаж
Родина ауылында "Родина" сүт өнімдері шығады
Родина ауылы – елордадан 60 шақырым жердегі, 2 мыңнан астам тұрғыны бар тиіптік неміс ауылы.
Родина сүт өнімдері зауыты – өз фермасы, жем-шөп базасы бар, жүздеген адам жұмыс істейтін үлкен кәсіпорын.
Оқи отырыңыз: Сүт және сүт өнімдерінің пайдасы мен зияны қандай?
Сүт өнімдеріне талап күшейеді
2020 жылы қаңтарда Еуразия экономикалық одағының жаңа техникалық регламенті (талаптары) іске асады.
Бұл туралы:
– Фермерлерді үздік тәжірибелерге оқыту бойынша бастаманы сүт одағы өз қолына алды. Себебі сүт шикізатына қатысты жағдай өте қиын. Және кейінге қалдыруға уақыт жоқ – техрегламенттің күшіне енуіне жарты жыл қалды. Зауыттар фермерлер тапсыратынн шикізаттың қауіпсіздік талаптарына сай болуын қадағалайды – еліміздің сүт өнеркәсібінің болашағы осыған байланысты, – дейді Қазақстан Сүт одағының атқарушы директоры Владимир Кожевников.
"Родина" сияқты чемпиондар санаулы
– Фермерлердің басым көпшілігі әлі дайын емес. Шикі сүттің 90%-дан астамы қайта өндеуге шағын және орташа тауар шаруашылықтарынан түсетінін ескерсек, оларға міндетті түрде көмек қажет, – дейді Владимир Кожевников.
Бағым және сүт сауу алаңына кіру қатаң бақыланады. Онда арнайы ким киіп, тексеріп кіргізеді.
Кіріп-шығатын көліктердің жолында арнайы дизенфекциялық су құйылған көлшік жасалған. Онда тек зауаттың рұқсаты бар көліктер ғана кіре алады.
Сауын орнының екі қапталында жемдеу алаңы орналасыпты. Арасы арнайы дәліз.
Сауын сиыр қорасында болдық
Қазір мұнда 2 мың бас сиыр сауынға байланған. Жалпы 4 мың басқа жуық сиырдың тең жартысы. Бүгін 1716 сиыр сауылыпты.
Сиырларды күніне екі уақыт сауады. Әр сиыр кемі 29-30 литрден сүт береді. 40-55 литрға дейін сүт беретін 167 бас сиыр да бар.
Әр сауынның алдында сиырдың емшегін, тұрған жерін таза сумен жуып, артынан дизинфекциялап отырады.
Ферманың бағымшылық жұмысына жауапты кеңесшісі Совет Сатығұлдың айтуынша, сауып болғаннан кейін сиырға құнарлы жем мен шөпті араластырлып береді. Өте аз мөлшерде қуаттандыру дәрумені де қосылады. Жем-шөптің әр алуандығына көңіл бөлінеді.
Бұзаулар бағымы
Сиырлар қолдан ұрықтандырылады. Бұзаулағаннан кейін 60 күннен кейін ғана саууға әкелінеді. Әбден отықты дегенде (40-50 күннен кейін) бұзауды бөледі. 2019 жылы 1950 бұзау туған.
Тағы бір ескерер жағдай, сиырды саууға жіберер алдында арнайы бақылаудан өткізеді. Онда сүтті сиырлар мен сүт аз сиырлар деп айырып, бөледі. Күйі жақсысын ғана сауын сиырларға қосылады.
Еркек бұзауларды 6 айлығынан кейін сатылымға шығарады немесе бордақылап, етке өткізуге дайындайды. Совет Сатығұлдың айтуынша, тірі малдың әр килограмы 800-900 теңгеден, ал ет күйінде 1200-1300 теңгеден сатылады.
Ал ұрғашы бұзауларды арнайы тексерістен өткізіп, толымдысын жеке бағады.
Күніне 50 тонна сүт сауылады
Совет ағаның айтуынша, мөлшермен 0,5-0,6 тонна сүтті бұзауларға беретін немесе қосымша зерттеулерге жіберетін кез болады.
Сүттің майлылығы орташа есеппен 4,1%-4,2% аралығында болады.
Сауын орнының тазалығына барынша мән беріледі. Арнайы дезинфекция жасалады. Сонымен бірге сиыр тұрған жерді 80⁰С ыстық сумен қайта-қайта жуып тұрады.
Сауу барысы
Сауу барысы толықтай немістік жұмыс тәртібімен жүріледі.
Өңдеуге дайындау
Сауылған сүт автоматты түрде арнайы дайындалған үлкен бөшкеге жіберіледі. Онда 4-5 градусқа дейін суытылады. Содан оны ваккуммен сорып, өңдеу орталығына жеткізеді.
Селекция және сиыр саулығын бақылау
Совет Сатығұлдың айтуынша, тұқымдық сұрыптау (селекция) жасайтын және сиырдың күйін тексеретін арнайы орын бар.
– Сиырдың сүтті тұқымын Германия, Канада және Аустралиядан алғанбыз. Қазір тұқымдық сиырларды Германидан әкеліп жатырмыз. Біз асыл тұқымды бұқаларды алмаймыз. Тек қана сауын сиырларды асылдандырумен айналысамыз.
Ұрықтандыру толықтай жасанды. Сосын буаз сиырларды бөлек бағып, туу барысы бақыланады, – деді Совет аға.
Сиырлардың қасынуына, ащылауына да мүмкіндіктер жасалған. Бұның сүт көлеміне әсері бар.
Зауыт толықтай автоматтандырылған. Онда арнайы айран ұйытатын, сүтті бактериядан зарарсыздандыратын және қораптайтын бөлімдері іркес-тіркес орналасқан.
Өңдеу орнына бөтен адамның кіруіне шектеу қойылған. Екінші қабаттағы терезеден қарап, бақылап қайттық.
"Родина" сүт зауытында шаруашылықты дамыту, өндірісті кемелдендіруге қатысты жұмыстар қызу жүріп жатыр. Жасыл экономиканың талаптарына сай келетін жел электр бағаны орнатып, таза өнімді шығаруды кеңейтпек.
Автономды шағын ауыл
Шағын ауылдың тірлігі көз қуантарлық.
Ауылда тұратын 2 мыңға жуық тұрғынның жұмыссызы жоқ. Мектеп, спорт кешені, сауда орталғы жұмыс істеп тұр. Жылу жүйесі, су да үйге кіргізілген.
– Фермерлерге көрсетілетін қолдау өте маңызды. Қайта өңдеуші мен фермер бір-біріне қажет, тең және өзара тәуелді серіктестер екенін бәрі түсінеді.
Егер ертең шаруашылықтардан келген сүт Еуразия экономикалық одағының регламенттерінің талаптарына сәйкес келмесе, көптеген фермерлер мен шағын шаруашылықтар шығынға ұшырайды.
Ал көптеген ауылдықтар мен фермерлік шаруашылықтар үшін сүт өндірісі – негізгі табыс көзі, – деп түсіндірді "Зеренді сүті" фермерлік шаруашылығының басшысы Әлия Таранова.