Тікелей эфир

Қазақстанда сүт өндірісіне жаңа талап қойылады. "Родина" ауылынан фоторепортаж

Сурет informburo.kz
Сурет informburo.kz
Сиыр бағудың, сауыншылықтың қыры мен сыры. Сүт өнімдерінің өндірудің технологиясын қалай өзгерту керек.

Родина ауылында "Родина" сүт өнімдері шығады

Родина ауылы – елордадан 60 шақырым жердегі, 2 мыңнан астам тұрғыны бар тиіптік неміс ауылы.


Ауылға бұрылп кірер жердегі жазу

Ауылға кіре берістегі жазу / Сурет informburo.kz


Родина сүт өнімдері зауыты – өз фермасы, жем-шөп базасы бар, жүздеген адам жұмыс істейтін үлкен кәсіпорын.

Оқи отырыңыз: Сүт және сүт өнімдерінің пайдасы мен зияны қандай?

Сүт өнімдеріне талап күшейеді

2020 жылы қаңтарда Еуразия экономикалық одағының жаңа техникалық регламенті (талаптары) іске асады.

Бұл туралы:

– Фермерлерді үздік тәжірибелерге оқыту бойынша бастаманы сүт одағы өз қолына алды. Себебі сүт шикізатына қатысты жағдай өте қиын. Және кейінге қалдыруға уақыт жоқ – техрегламенттің күшіне енуіне жарты жыл қалды. Зауыттар фермерлер тапсыратынн шикізаттың қауіпсіздік талаптарына сай болуын қадағалайды – еліміздің сүт өнеркәсібінің болашағы осыған байланысты, – дейді Қазақстан Сүт одағының атқарушы директоры Владимир Кожевников.

"Родина" сияқты чемпиондар санаулы

– Фермерлердің басым көпшілігі әлі дайын емес. Шикі сүттің 90%-дан астамы қайта өндеуге шағын және орташа тауар шаруашылықтарынан түсетінін ескерсек, оларға міндетті түрде көмек қажет, – дейді Владимир Кожевников.


Владимир Кожевников

Владимир Кожевников / Сурет informburo.kz


Бағым және сүт сауу алаңына кіру қатаң бақыланады. Онда арнайы ким киіп, тексеріп кіргізеді.


Осы жерден кіргізді

Осы жерден кіргізді / Сурет informburo.kz


Кіріп-шығатын көліктердің жолында арнайы дизенфекциялық су құйылған көлшік жасалған. Онда тек зауаттың рұқсаты бар көліктер ғана кіре алады.


Сауын алаңынан шығып бара жатқан көлік

Сауын алаңынан шығып бара жатқан көлік / Сурет informburo.kz



Біз де осылай киіндік

Біз де осылай киіндік / Сурет informburo.kz


Сауын орнының екі қапталында жемдеу алаңы орналасыпты. Арасы арнайы дәліз.


Сауын орталығының сол жағындағы жемдеу орны

Жемдеу орны / Сурет informburo.kz


Сауын сиыр қорасында болдық

Қазір мұнда 2 мың бас сиыр сауынға байланған. Жалпы 4 мың басқа жуық сиырдың тең жартысы. Бүгін 1716 сиыр сауылыпты.

Сиырларды күніне екі уақыт сауады. Әр сиыр кемі 29-30 литрден сүт береді. 40-55 литрға дейін сүт беретін 167 бас сиыр да бар.


Қашаның ішінде еркін жүрген сауын сиырлар

Сауын сиырлар қашаның (темір шарбақ) ішінде еркін жүреді / Сурет informburo.kz


Әр сауынның алдында сиырдың емшегін, тұрған жерін таза сумен жуып, артынан дизинфекциялап отырады.


Су науасының қасында тұрған сиыр

Науа басындағы сиыр / Сурет informburo.kz


Ферманың бағымшылық жұмысына жауапты кеңесшісі Совет Сатығұлдың айтуынша, сауып болғаннан кейін сиырға құнарлы жем мен шөпті араластырлып береді. Өте аз мөлшерде қуаттандыру дәрумені де қосылады. Жем-шөптің әр алуандығына көңіл бөлінеді.


Тұз салынған науаны да көзіміз шалды

Тұз салынған науаны да көзіміз шалды / Сурет informburo.kz


Бұзаулар бағымы

Сиырлар қолдан ұрықтандырылады. Бұзаулағаннан кейін 60 күннен кейін ғана саууға әкелінеді. Әбден отықты дегенде (40-50 күннен кейін) бұзауды бөледі. 2019 жылы 1950 бұзау туған.

Тағы бір ескерер жағдай, сиырды саууға жіберер алдында арнайы бақылаудан өткізеді. Онда сүтті сиырлар мен сүт аз сиырлар деп айырып, бөледі. Күйі жақсысын ғана сауын сиырларға қосылады.


Енді ғана оттыға бастаған бұзаулар

Енді отыға бастаған бұзаулар / Сурет informburo.kz



Бұзаулар да нөмірленеді

Бұзауларды нөмірлейді / Сурет informburo.kz



Марқа бұзаулар мен тайыншалар далада бөлек бағылып жатыр

Бұзаулар мен тайынша-торпақтарды далада бөлек бағады / Сурет informburo.kz


Еркек бұзауларды 6 айлығынан кейін сатылымға шығарады немесе бордақылап, етке өткізуге дайындайды. Совет Сатығұлдың айтуынша, тірі малдың әр килограмы 800-900 теңгеден, ал ет күйінде 1200-1300 теңгеден сатылады.

Ал ұрғашы бұзауларды арнайы тексерістен өткізіп, толымдысын жеке бағады.


Марқа бұзаулар мен тайыншалар

Бұзаулар мен тайынша-торпақтар / Сурет informburo.kz


Күніне 50 тонна сүт сауылады

Совет ағаның айтуынша, мөлшермен 0,5-0,6 тонна сүтті бұзауларға беретін немесе қосымша зерттеулерге жіберетін кез болады.

Сүттің майлылығы орташа есеппен 4,1%-4,2% аралығында болады.


Сатығұл Совет Шайманұлы жұмыс барысымен таныстырды

Совет Сатығұл жұмыс барысымен таныстырды / Сурет informburo.kz


Сауын орнының тазалығына барынша мән беріледі. Арнайы дезинфекция жасалады. Сонымен бірге сиыр тұрған жерді 80⁰С ыстық сумен қайта-қайта жуып тұрады.


Сауатын орынға кіріп келе жатқан сиырлар

Сауатын орынға кіріп келе жатқан сиырлар / Сурет informburo.kz


Сауу барысы

Сауу барысы толықтай немістік жұмыс тәртібімен жүріледі.


Сиырлар сауу апартына кірді

Сауу аппараты жанында тұрған сиырлар / Сурет informburo.kz



Сауыншы

Сауыншы / Сурет informburo.kz



Сауылып жатыр

Сауу процессі / Сурет informburo.kz



Сауыншының қасында тұрған тазалық шелегі

Сауыншының қасында тұрған тазалық шелегі / Сурет informburo.kz



Сауылып болған соң емшекке арнайы май жағылады

Сауылып болған сиырдың емшегіне арнайы май жағады / Сурет informburo.kz


Өңдеуге дайындау

Сауылған сүт автоматты түрде арнайы дайындалған үлкен бөшкеге жіберіледі. Онда 4-5 градусқа дейін суытылады. Содан оны ваккуммен сорып, өңдеу орталығына жеткізеді.


Сауу барысын бақылап отырған адам

Сауу барысын бақылап отырған адам / Сурет informburo.kz



Сауылған сүт осы бочкаларға барады

Сауылған сүт осы бөшкелерге құйылады / Сурет informburo.kz



Бұл екі бочканың біріне таңертең сауылған сүт, екіншісіне кеште сауылған сүт жиналады екен

Бұл екі бөшкенің біріне таңертеңгі, екіншісіне кешкі сауылған сүтті жинайды / Сурет informburo.kz


Селекция және сиыр саулығын бақылау

Совет Сатығұлдың айтуынша, тұқымдық сұрыптау (селекция) жасайтын және сиырдың күйін тексеретін арнайы орын бар.

– Сиырдың сүтті тұқымын Германия, Канада және Аустралиядан алғанбыз. Қазір тұқымдық сиырларды Германидан әкеліп жатырмыз. Біз асыл тұқымды бұқаларды алмаймыз. Тек қана сауын сиырларды асылдандырумен айналысамыз.

Ұрықтандыру толықтай жасанды. Сосын буаз сиырларды бөлек бағып, туу барысы бақыланады, – деді Совет аға.


Селекция және тексеру орны қызу жұмыс үстінде

Селекция және тексеру орны қызу жұмыс үстінде / Сурет informburo.kz



Құрсауға кіргізіліп, қолдан ұрықтандырылады

Құрсауға кіргізіп, қолдан ұрықтандырады / Сурет informburo.kz



Сиырдың өскен тұяғын кесіп жатқан мал дәрігелері

Сиырдың өскен тұяғын кесіп жатқан мал дәрігелері / Сурет informburo.kz


Сиырлардың қасынуына, ащылауына да мүмкіндіктер жасалған. Бұның сүт көлеміне әсері бар.


Автоматты қасығышқа арқасы мен басын қасытып тұрған сиыр

Автоматты қасығышқа арқасы мен басын қасытып тұрған сиыр / Сурет informburo.kz


Зауыт толықтай автоматтандырылған. Онда арнайы айран ұйытатын, сүтті бактериядан зарарсыздандыратын және қораптайтын бөлімдері іркес-тіркес орналасқан.


Сүт зауаты ғимараты

Сүт зауыты ғимараты / Сурет informburo.kz


Өңдеу орнына бөтен адамның кіруіне шектеу қойылған. Екінші қабаттағы терезеден қарап, бақылап қайттық.


"Родина" маркалы сүттер осында шығып жатыр

"Родина" сүті осы жерден шығады / Сурет informburo.kz



Дайын өнімді қораптаушылар

Дайын өнімді қораптаушылар / Сурет informburo.kz




Сүт өнімдері

Сүт өнімдері / Сурет informburo.kz



Назарбаев университеті зерттеп жасаған "Нәр" маркалы дәрумендік айран да осында өндіріле бастапты

Назарбаев университеті зерттеп жасаған "Нәр" дәрумендік айраны да осында өндіріле бастапты / Сурет informburo.kz



Қорапталып болды

Қорапталып болды / Сурет informburo.kz



сатуға дайын

Дүкендерге таратылуға дайын / Сурет informburo.kz



Дайын өнімдер осы көліктермен жеткізіледі

Дайын өнімдер осы көліктермен жеткізіледі / Сурет informburo.kz



Кқліктің кебежесіне арнайы салқындатқыш қондырғы орнатылған

Көліктің кебежесіне арнайы салқындатқыш қондырғы орнатылған / Сурет informburo.kz


"Родина" сүт зауытында шаруашылықты дамыту, өндірісті кемелдендіруге қатысты жұмыстар қызу жүріп жатыр. Жасыл экономиканың талаптарына сай келетін жел электр бағаны орнатып, таза өнімді шығаруды кеңейтпек.


Сүт зауатын жаңғырту және кемелдендіру жұмысы жоспары

Сүт зауытын жаңғырту және кемелдендіру жұмысы жоспары / Сурет informburo.kz


Автономды шағын ауыл

Шағын ауылдың тірлігі көз қуантарлық.


Айнадай жарқыраған жол

Айнадай жарқыраған жол / Сурет informburo.kz



Бір келкі салынған кәтеждер

Біркелкі салынған үйлер / Сурет informburo.kz



Ескі үйлердің де ауласы абаттандырылыпты

Ескі үйлердің де ауласы абаттандырылыпты / Сурет informburo.kz



ауыл жел энергиясымен қамтылған

Ауыл жел энергиясымен қамтылған / Сурет informburo.kz



Саябақта жүрген ауыл тұрғындары

Саябақта жүрген ауыл тұрғындары / Сурет informburo.kz



Шағын жылу жүйесі орталығы

Шағын жылу жүйесі орталығы / Сурет informburo.kz



Ауыл шетіндегі астық терминалы

Ауыл шетіндегі астық терминалы / Сурет informburo.kz



Ауыл шетіндегі жем-шөп базасы

Жем-шөп базасы / Сурет informburo.kz


Ауылда тұратын 2 мыңға жуық тұрғынның жұмыссызы жоқ. Мектеп, спорт кешені, сауда орталғы жұмыс істеп тұр. Жылу жүйесі, су да үйге кіргізілген.


Ауылда сауын сиырға ескерткіш қойылған

Ауылда сауын сиырға ескерткіш қойған / Сурет informburo.kz


– Фермерлерге көрсетілетін қолдау өте маңызды. Қайта өңдеуші мен фермер бір-біріне қажет, тең және өзара тәуелді серіктестер екенін бәрі түсінеді.

Егер ертең шаруашылықтардан келген сүт Еуразия экономикалық одағының регламенттерінің талаптарына сәйкес келмесе, көптеген фермерлер мен шағын шаруашылықтар шығынға ұшырайды.

Ал көптеген ауылдықтар мен фермерлік шаруашылықтар үшін сүт өндірісі – негізгі табыс көзі, – деп түсіндірді "Зеренді сүті" фермерлік шаруашылығының басшысы Әлия Таранова.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары