Ashyq Қазақстанның тағы төрт әуежайында енгізіледі
Сонымен қатар, осы жобаға кіретін бизнес нысандарының тізімі айтарлықтай кеңейеді.Ashyq Қазақстанның тағы төрт әуежайында: 31 мамырдан бастап – Шымкент пен Түркістанда, 7 маусымнан бастап – Ақтау мен Қостанайда енгізіледі. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 22 мамырдағы жаңа қаулысында айтылған.
Сондай-ақ, қаулыда Ashyq жобасын Қазақстан Республикасының барлық аймақтарына, атап айтқанда, кәсіпкерлік нысандарына кеңейту ұсынылады:
- йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
- спа-орталықтары;
- сауналар, бассейндер;
- PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
- боулинг клубтары;
- кинотеатрлар;
- театрлар мен филармониялар;
- асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
- облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
- бильярд клубтары;
- концерт залдары;
- ерікті қатысушылар;
- караоке;
- көрмелер;
- океанариум;
- марафондар;
- көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы;
- Алматы қаласының әуежайы;
- Шымкент және Түркістан қалаларының (31 мамырдан бастап) және Ақтау және Қостанай қалаларының (7 маусымнан бастап) әуежайлары;
- лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар.
Оқи отырыңыз: Ashyq жобасының артықшылықтары қандай? Маңызды сұрақтарға жауаптар
Ashyq жобасына жаңадан қатысушыларды қосу алгоритмі:
- Барлық жаңадан қатысушылар үшін Ashyq жобасына қатысуға өтінімдер екі схеманың бірі бойынша беріледі. Осы қосымшаға 1-схемаға сәйкес – InfoKazakhstan.kz сайты арқылы.
- Осы қосымшаға 2-схемаға сәйкес – салалық қауымдастық арқылы беріледі.
- Өтінім беруден бастап тізімді әкімдіктің сайтында орналастыруға дейінгі барлық процесс күнтізбелік 9 күннен аспауы тиіс.
- "Ashyq" жобасына қатысудан бас тартуға мыналар: объектінің ЭҚЖЖ кодына сәйкес келмеуі, қайта басталмаған қызмет түрі, рұқсат беру құжаттарының (санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды, қызметтің басталғаны туралы хабарлама) болмауы негіз болып табылады.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.