Тікелей эфир

Ashyq Қазақстанның тағы төрт әуежайында енгізіледі

Сонымен қатар, осы жобаға кіретін бизнес нысандарының тізімі айтарлықтай кеңейеді.

Ashyq Қазақстанның тағы төрт әуежайында: 31 мамырдан бастап – Шымкент пен Түркістанда, 7 маусымнан бастап – Ақтау мен Қостанайда енгізіледі. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 22 мамырдағы жаңа қаулысында айтылған.

Сондай-ақ, қаулыда Ashyq жобасын Қазақстан Республикасының барлық аймақтарына, атап айтқанда, кәсіпкерлік нысандарына кеңейту ұсынылады:

  • йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
  • спа-орталықтары;
  • сауналар, бассейндер;
  • PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
  • боулинг клубтары;
  • кинотеатрлар;
  • театрлар мен филармониялар;
  • асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
  • облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
  • бильярд клубтары;
  • концерт залдары;
  • ерікті қатысушылар;
  • караоке;
  • көрмелер;
  • океанариум;
  • марафондар;
  • көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы;
  • Алматы қаласының әуежайы;
  • Шымкент және Түркістан қалаларының (31 мамырдан бастап) және Ақтау және Қостанай қалаларының (7 маусымнан бастап) әуежайлары;
  • лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар.

Оқи отырыңыз: Ashyq жобасының артықшылықтары қандай? Маңызды сұрақтарға жауаптар


Ashyq жобасына жаңадан қатысушыларды қосу алгоритмі:

  • Барлық жаңадан қатысушылар үшін Ashyq жобасына қатысуға өтінімдер екі схеманың бірі бойынша беріледі. Осы қосымшаға 1-схемаға сәйкес – InfoKazakhstan.kz сайты арқылы.
  • Осы қосымшаға 2-схемаға сәйкес – салалық қауымдастық арқылы беріледі.
  • Өтінім беруден бастап тізімді әкімдіктің сайтында орналастыруға дейінгі барлық процесс күнтізбелік 9 күннен аспауы тиіс.
  • "Ashyq" жобасына қатысудан бас тартуға мыналар: объектінің ЭҚЖЖ кодына сәйкес келмеуі, қайта басталмаған қызмет түрі, рұқсат беру құжаттарының (санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды, қызметтің басталғаны туралы хабарлама) болмауы негіз болып табылады.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Серіктестер жаңалықтары