Антарктидада мұз еріп, мыңдаған император пингвинінің балапаны қырылды
Жаһандық жылынудың қазіргі қарқынында император пингвиндерінің барлық түрі ғасырдың соңына қарай жойылып кетуі мүмкін.Ғылыми зерттеу мұздың рекордтық еруінен кейін бірнеше антарктикалық колонияларда балапандардың өлімі өте жоғары екенін көрсетті, деп хабарлайды France info Communications: Earth & Environment басылымына сілтеме жасап.
"Біз бұл жағдайды біраз уақыттан бері болжап келеміз, бірақ оның шынымен болып жатқанын көру – өте өкінішті", – деді Британдық антарктикалық қызметінің зерттеушісі Питер Фретвелл.
Зерттеушілердің айтуынша, Антарктикадағы теңіз мұзы рекордтық еру жылдамдығына жетті. Бұл құбылыс император пингвиндерін көбею маусымында болды.
Оқи отырыңыз: Қызыр қамшысы, бесқонақ, бөрісырғақ. Қазақ халқы ауа райын қалай болжаған?
Батыс Антарктиданың Беллингсгаузен теңізі аймағында бақылауға алынған бес колонияның біреуінен басқасында мұздың мерзімінен бұрын еруі салдарынан балапандар 100% өліп қалды.
Қазіргі уақытта жаһандық жылыну қарқынды жүріп жатқанына байланысты император пингвиндерінің барлығы дерлік ғасыр соңына дейін жойылып кетуі мүмкін.