Ғылыми зерттеу мұздың рекордтық еруінен кейін бірнеше антарктикалық колонияларда балапандардың өлімі өте жоғары екенін көрсетті, деп хабарлайды France info Communications: Earth & Environment басылымына сілтеме жасап.
"Біз бұл жағдайды біраз уақыттан бері болжап келеміз, бірақ оның шынымен болып жатқанын көру – өте өкінішті", – деді Британдық антарктикалық қызметінің зерттеушісі Питер Фретвелл.
Зерттеушілердің айтуынша, Антарктикадағы теңіз мұзы рекордтық еру жылдамдығына жетті. Бұл құбылыс император пингвиндерін көбею маусымында болды.
Оқи отырыңыз: Қызыр қамшысы, бесқонақ, бөрісырғақ. Қазақ халқы ауа райын қалай болжаған?
Батыс Антарктиданың Беллингсгаузен теңізі аймағында бақылауға алынған бес колонияның біреуінен басқасында мұздың мерзімінен бұрын еруі салдарынан балапандар 100% өліп қалды.
Қазіргі уақытта жаһандық жылыну қарқынды жүріп жатқанына байланысты император пингвиндерінің барлығы дерлік ғасыр соңына дейін жойылып кетуі мүмкін.