Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында қоныс аударушыларға арналған баспана құрылысының сапасын тексеретін жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына Инудстрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің өкілдері кірді.

"Жұмыс тобының мүшелері тұрғындардың барлық шағымдарын қарап, салынған үйлерді тексереді және сараптамалық қорытынды жасайды. Оның қорытындысы бойынша сапасыз орындалған жұмыстар түзетіледі", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Жұмыс тобы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылды. Еске салайық, Мемлекет басшысы "Казахстанская правда" басылымында жарық көрген "Заложники равнодушия" мақаласын оқып, Президент әкімшілігіне тексеру жүргізіп, шара қабылдауды тапсырған болатын. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook желісінде хабарлады.


Оқи отырыңыз: Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен "Елбасы жылуы" қайырымдылық жобасы қолға алынды