"Бүгіннен бастап Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен "Елбасы жылуы" қайырымдылық акциясы бастау алады. Акция шеңберінде Нұрсұлтан Назарбаев қоры және "Дегдар" қайырымдылық қоры азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарлар түрінде мұқтаж қазақстандықтарға көмек көрсетеді", - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де.
С сегодняшнего дня по инициативе Первого Президента Казахстана стартует благотворительная акция «Елбасы жылуы». В рамках акции Фонд Нурсултана Назарбаева и благотворительный Фонд «Дегдар» окажут помощь нуждающимся казахстанцам в виде продуктов и товаров первой необходимости pic.twitter.com/8M9fLFmhEG
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) April 30, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев қоры баспасөз қызметінің хабарлауынша, акция аясында Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарындағы барлығы 681 отбасына азық-түлік таратылады. Әрбір отбасына жалпы салмағы 132 келі тауар беріледі: 25 кг ұн, 25 кг картоп пен жеміс-жидек, күріш, қант, шай, қарақұмық, күнбағыс майы, гигиена заттары және басқа заттар.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар, тұрғын үй кезегі және әлеуметтік көмектер туралы