Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлады elbasy.kz сайты. 

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл туралы Twitter парақшасында да хабарлады. 

Ахметжан Есімов 2017 жылдың желтоқсанынан бастап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры басқарма төрағасы қызметін атқарып, 2021 жылы 29 наурызда қызметтен босаған болатын. 

Ал "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының жаңа басқарма төрағасы болып Алмасадам Сәтқалиев тағайындалды. 


Оқи отырыңыз: "Самұрық-Қазына" қорының басшысы болып Алмасадам Сәтқалиев тағайындалды. Елбасы Ахметжан Есімовке алғыс білдірді