Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлады elbasy.kz сайты.
Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл туралы Twitter парақшасында да хабарлады.
Ахметжан Есімов 2017 жылдың желтоқсанынан бастап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры басқарма төрағасы қызметін атқарып, 2021 жылы 29 наурызда қызметтен босаған болатын.
Ал "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының жаңа басқарма төрағасы болып Алмасадам Сәтқалиев тағайындалды.
Оқи отырыңыз: "Самұрық-Қазына" қорының басшысы болып Алмасадам Сәтқалиев тағайындалды. Елбасы Ахметжан Есімовке алғыс білдірді