27 тамызда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 165 адам тіркелді
27 тамыз қорытындысы |
Науқастар 105 408 |
Сауыққандар 95253 |
Көз жұмғандар 1 523 (25 тамыз) |
Нұр-Сұлтан | 13798 | 12754 | 303 |
Алматы | 14170 | 12875 | 252 |
Шымкент | 5171 | 4436 | 61 |
Ақмола облысы | 3367 | 3013 | 67 |
Ақтөбе облысы | 3212 | 2992 | 35 |
Алматы облысы | 4891 | 4590 | 43 |
Атырау облысы | 10883 | 10216 | 48 |
ШҚО | 8114 | 7660 | 138 |
Жамбыл облысы | 4071 | 3561 | 55 |
БҚО | 6732 | 6044 | 94 |
Қарағанды облысы | 10035 | 9356 | 259 |
Қостанай облысы | 3383 | 2820 | 12 |
Қызылорда облысы | 3231 | 3024 | 10 |
Маңғыстау облысы | 3333 | 2612 | 40 |
Павлодар облысы | 3814 | 2802 | 43 |
СҚО | 3906 | 3486 | 19 |
Түркістан облысы | 3297 | 3012 | 44 |
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 165 адам (ауру белгілері барлар – 111, жоқтар – 54) тіркелді.
Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
- Шығыс Қазақстан облысы – 26;
- Алматы – 26.
Республика бойынша барлығы 105 408 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 95 253.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 563-ке жетті.
1-27 тамыз аралығында коронавирустық пневмониямен 24 632 адам ауырып, 278 науқас көз жұмған (27 тамызда тіркелген науқас саны – 531, көз жұмғандар – 7).
"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 592 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 38 өскіншек бала бар. Стационарларда 4 320 науқас жатыр. 4 272 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 255 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 44 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 46 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес
Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.