Тікелей эфир

27 тамызда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 165 адам тіркелді

Сурет freepik.com сайтынан алынды
Сурет freepik.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 105 408-ге жетті.

27 тамыз қорытындысы

Науқастар

105 408

Сауыққандар

95253

Көз жұмғандар

1 523 (25 тамыз)

Нұр-Сұлтан 13798 12754 303
Алматы 14170 12875 252
Шымкент 5171 4436 61
Ақмола облысы 3367 3013 67
Ақтөбе облысы 3212 2992 35
Алматы облысы 4891 4590 43
Атырау облысы 10883 10216 48
ШҚО 8114 7660 138
Жамбыл облысы 4071 3561 55
БҚО 6732 6044 94
Қарағанды облысы 10035 9356 259
Қостанай облысы 3383 2820 12
Қызылорда облысы 3231 3024 10
Маңғыстау облысы 3333 2612 40
Павлодар облысы 3814 2802 43
СҚО 3906 3486 19
Түркістан облысы 3297 3012 44

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 165 адам (ауру белгілері барлар – 111, жоқтар – 54) тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 26;
  • Алматы – 26.

Республика бойынша барлығы 105 408 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 95 253.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 563-ке жетті.

1-27 тамыз аралығында коронавирустық пневмониямен 24 632 адам ауырып, 278 науқас көз жұмған (27 тамызда тіркелген науқас саны – 531, көз жұмғандар – 7).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 592 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 38 өскіншек бала бар. Стационарларда 4 320 науқас жатыр. 4 272 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 255 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 44 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 46 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Серіктестер жаңалықтары