Журналистердің жұмысы көзге көрінбесе де, қоғамға аса қажет, ақпараттық-идеологиялық, ұлттық қауіпсіздік мәселелерімен ұштасатын қызмет. Бір қызығы, журналистер өзгенің проблемасын мемлекеттік деңгейге дейін жеткізе алса да, өз проблемаларын көтере алмайтын халық.
Соңғы кездері қарамағындағы сарбаздарын – медицина қызметкерлерінің жағдайын ойлап, төлемақы, өтемақы мәселелерін дұрыс көтеріп, шешіп берген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа риза боп жүрміз. Дұрыс-ақ! Әлем елдері дәрігерлердің қадірін енді түсініп, жоғары жалақы қоя бастады. Алла барша дәрігерге күш-қуат берсін!
Оқи отырыңыз: Ысыраппен той жасауды қойсақ, әнші де тәубеге келеді
Қаншама журналист бұл мәселені көтерді. Бірақ қазір ел ішінде дезинформация, "фейк ньюс" болмасын деп өз жұмысын адал атқарып жүрген алғы шептегі журналистер жайын кім ойлайды екен?
Қазіргі журналистиканың жай-күйі сол – маска алу былай тұрсын, PRESSA деген жазуы бар жилетканы әркім өз қалтасынан төлеп, тіккізіп алуы керек.
Ел, әлем экономикасы бұрынғыдай емес, инфляция, девальвация, стагнация... "Бар қиындық жазда басталады" дейді сарапшылар. Бұл тұста журналистер статусының мәселесі де аса өзекті. Шыны керек, журналистер баяғы аға буын ақын-жазушыларындай үй сұрамайды. Бірақ жалақы өз деңгейінде болуы керек. Соңғы 10-15 жылда журналистердің жалақысы өсті ме? Салыстырма үшін айтайын, біздегі үй тазалаушылар 140 мың теңгеге дейін жалақы алады екен. Дұрыс, одан да көп алсын. Біздегідей азық-түлікке жалақының 49-50 пайызы кететін елде мұндай жалақы да аз.
Оқи отырыңыз: Екіжүзділік пен эгоизм. Карантин кезінде қоғамда не байқадық?
Жалпы, соңғы жылдары "нарық естен адасып жатыр": дәрігерлер, журналистер, мұғалімдер шамалас айлық алатын сияқты.
Есесіне ешқандай да жоғары білімді талап етпейтін, тек белгіленген бір дағды-қасиеттерді қажет ететін салаларда жалақы оң динамика көрсетіп жүр.
Мәселен, Нұр-Сұлтанда бала күтуші кемі 150-200 мың теңге жалақы алады. Бұл салада студент жастар да баршылық. Ал журналистика саласында жалақының төмен болуынан әріптестеріміз бір емес, бірнеше жерде нәпақасын табуға мәжбүр. Болмаса, БАҚ саласына қыруар қаржы бөлінеді, бірақ қарапайым тілшілер, редакторлар, операторлар, корректорлар, фотографтар, бет қаттаушылар, т.б. салалық маман иелеріне ақша жетем дегенше... өздеріңіз де білесіздер.
Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай, билікке сенім және доктор Фаучи
Өкінішке қарай, журналистің басына іс түссе, редакция басшылығына оны қорғап қалудың орнына жұмыстан кетіру оңай емес пе? Осы тектес проблемалар да бар ғой. Мәселен, Түркияда журналистерде мәртебе бар. Әр журналистке сары карта береді: сол арқылы ол барлық қоғамдық көлік түрлерінде тегін жүреді, барлық ғылыми орталықтар, мұражайлар, тарихи орындар, т.б. тегін әрі еркін кіреді.
Бір журналистің басына іс түссе, кәсіподақтары кәсіби заңгерлердің көмегімен оны аман алып қалады.
Есімізде, осыдан бірнеше жыл бұрын Түркияда болғанымызда, билік "екі қоянды бір оқпен атып аламын" деген оймен жүздеген оппозициялық тілшіге "гүленші" деп айдар тағып, қамамақ болған екен. Мұны түркиялық әріптестерімізден естідік. Бірақ бұған халық та, журналистер ұйымдары да қарсы шығып, түркиялық әріптестеріміз соттан аман қалған. Бізде кәсіби журналистерден гөрі эфирде жұлдыздар жылт етсе, сол бағдарламаның рейтингі жоғары болады, өкінішке қарай...
Оқи отырыңыз: "Онлайннан – офлайнға". Желі қолданушыларын біріктіретін шаралар қажет
Балаларымызды "Ұлан", "Мөлдір бұлақ", т.б. газет-журналдарға жаздырмаймыз, есесіне инстаграмдағы әншілердің парақшасында бармыз, соған да мәзбіз... Еуропалықтар, тіпті, түріктер сияқты таңғы аспен бірге газет оқу мәдениеті атымен жоқ. Кеште кофе ішіп отырып, газет оқымаймыз.
Әрине, бұлай айтсам, тағы қарсы шығып, "газетіңнің бірінші бетінен соңғы бетіне дейін "нұрланған әлем, партиядан сәлем" оқығымыз келмейді" дейсіңдер ғой...
Тәуелсіз журналистиканың өлгені рас. Бірақ соның өзінде жап-жақсы материалдар, сұхбаттар табуға болады ғой. Бұл заман да өтер, бірақ газет оқу мәдениеті сақталып қалу керек. Ол да өзімізге байланысты. Мәртебе мәселесі шешілсе, бұл да отандық БАҚ-тардың дамуына оң ықпал етер еді. Ақпараттық қауіпсіздікті сақтау – мемлекеттік іс, бірақ оны қамтамасыз ететін қарапайым журналист-жауынгерлер ғой.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
-
1🎄Новогодние скидки: билеты на поезда по выгодным ценам распродают в Казахстане
- 5258
- 1
- 3
-
2❓День потрачен впустую: кто виноват и что делать, если доставка задерживается
- 5021
- 3
- 16
-
3⚠️ Доброе утро! Предлагаем обзор главных новостей за 21 ноября
- 2816
- 0
- 7
-
4🏃♀️Семейный забег пройдёт в Астане. Победители получат телевизоры, пылесосы и планшеты
- 2771
- 1
- 21
-
5‼️К смертной казни приговорили жительницу Таиланда за серийные убийства с помощью цианида
- 2420
- 1
- 28
-
6⚡️Солдат впал в кому после удара сержанта: начался суд по резонансному инциденту в воинской части Отара
- 2451
- 6
- 27
-
7⚖️ Прокуратура вернула 12,5 млн тенге предпринимателям алматинского метрополитена
- 2399
- 0
- 15
-
8☄️Продажи и прибыль Temu и Pinduoduo упали: акции рухнули на 11%
- 2406
- 0
- 5
-
9🥶Ночные морозы до -23 прогнозируют на выходных в северной половине Казахстана
- 2567
- 0
- 8
-
10🔥Столичные пожарные потушили горящий автомобиль
- 2387
- 0
- 11