Неге табиғи? Себебі, медиаөнім көп. Телеарна – көрермен өмірінде ақпарат тарату, білім беру және ойын-сауық ұсыну тұрғысынан доминантты рөлге ие болудан қалды. Бұрын адамдар көкжәшіктің ішінен жылт етуге барын беруге даяр еді. Демек, өнім жасаушы команданың, жекелеген маманның қадірі бар-тын. "Шіркін, телевизияда істесем" деген арман-мақсаттың бағасы биік еді. Қазір ютуб бар. Интернет бар. Телемаманның еңбегі сол құрылымның ішінде девальвацияға ұшырап жатыр. Айлық аз, онда да ішкі өнім жоққа айналды. Мемлекет бөлетін миллиондарды табиғаты мен "шежіресі" белгісіз аутсорсинг компаниялар өзара ханталапай қылып алады. Ал олар көбірек пайда табу үшін арзан және соған сай сапасыз өнім жасайтыны белгілі. Қай компанияның өнім жасаудағы бюджеттік шығынын кім тексеріпті? Әйтеуір эфир толса болды. Маманның, өнімнің құны түсті. Бұны бір деп қойыңыз.
Оқи отырыңыз: Тіліміздің түгі жығылып, тікені мүжіліп барады
Екінші: жасанды рейтинг жыры. Неге жасанды? Өйткені рейтинг түзуші компания монополист және ол ауылдағы негізгі тұтынушы – қазақтілді аудиторияның талабын ескермейді. Әлгі өлшем құралдары ірі қалаларды ғана, онда да шектеулі санмен қамтылған. Олардың ұсынатын қорытындысының нобайы: "қазақтілді бағдарламалардың рейтингісі төмен" болып қала береді. Әрине, төмен болады, ауылдағы Әбдірахман ата мен Бәтима апамның талабын кім ескеріп жатыр?
Үшінші: эфирдегі ән мен би көрерменді зәрезап қылды. Есімде, ол кезде Асқар Жұмағалиев министр еді. Сол тұста "эфирге әншілер шықсын" деген бейресми пәрмен келді. Нені көздеген саясат екенін білмеймін: саяси-әлеуметтік бағдарламада да, шоу өнімдерде де сол беті жылтыраған әншілердің дәурені жүрген еді. Соның инерциясы әлі жалғасып келеді. Ән, ән, және әншілер.
Оқи отырыңыз: Ермек Тұрсынов "кино түсіргіштер" жайлы: Олардың таратып жүргені – у
Төртінші: телеарнаға сенім жоғалды. Өйткені, елде қандай да бір жағдай орын алса телеарна он ойланып, жүз толғанып әрекет етеді. Бұл кезде әлеуметтік желіде әлгі тақырып тізесі шығардай талқыланып тасталады. Телеарнаның негізгі артықшылығы болуы тиіс объективтілік пен мобильділік екінші, бәлкім одан да төмен сырылып кетті. Демек, тағы сол: тұтынушы еміреніп тұрмаған соң, ұсынушы тарапта қайбір мотивация болсын?!
Бесінші: қазақ тілді мамандардың, жә, жалпы телеарна мамандарының кәсіби қабілеті төмендеді. Орыс тілді өнім даярлайтындар қомпаңдап жүрмесін. Олардың да жетісіп тұрғаны шамалы. Мен қазір әріптестеріме тас атқандай көрінуім мүмкін. Бірақ шындық осы: ізденбейміз. Ізденуде мән бар ма осы? Дәл қазір телеарнаны белгісіз болашақтың елесі кезіп жүргендей. Әйтеуір құр сүлдерін сүйретіп жүрген әріптестерді көргендей боламын. Мүмкін мен қателесермін. Бірақ, телеөнім жасау және оны телеарнадан көрсету қазір маңызды емес секілді. Маңыздысы эфирден кейінгі ютубтағы тағдыры және мейілінше негатив пікірлерден тазартып отыру. Демек, тағы сол youtube аудиториясының үдесінен шығу үшін хайп-ілмектерге басымдық беру. Салиқалы қазақы көрермен туралы әңгіме қайдан болсын енді...
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
-
1🎄Новогодние скидки: билеты на поезда по выгодным ценам распродают в Казахстане
- 5243
- 1
- 3
-
2❓День потрачен впустую: кто виноват и что делать, если доставка задерживается
- 5011
- 3
- 16
-
3⚠️ Доброе утро! Предлагаем обзор главных новостей за 21 ноября
- 2816
- 0
- 7
-
4🏃♀️Семейный забег пройдёт в Астане. Победители получат телевизоры, пылесосы и планшеты
- 2768
- 1
- 21
-
5‼️К смертной казни приговорили жительницу Таиланда за серийные убийства с помощью цианида
- 2417
- 1
- 28
-
6⚡️Солдат впал в кому после удара сержанта: начался суд по резонансному инциденту в воинской части Отара
- 2445
- 6
- 27
-
7⚖️ Прокуратура вернула 12,5 млн тенге предпринимателям алматинского метрополитена
- 2394
- 0
- 15
-
8☄️Продажи и прибыль Temu и Pinduoduo упали: акции рухнули на 11%
- 2400
- 0
- 5
-
9🥶Ночные морозы до -23 прогнозируют на выходных в северной половине Казахстана
- 2562
- 0
- 8
-
10🔥Столичные пожарные потушили горящий автомобиль
- 2387
- 0
- 11