Қасындағы бала: "Оқушы екенің көрініп тұр ғой, неге алдайсың?" деп еді, "Үйде ақша таусылды. Сабақтан қалғым келмеді", – деп, мұңая жерге қарады. Көзі жасқа тұнған. Өзінше білдіргісі келмегендей жеңімен көз жасын қағып қояды.
Шынашақтай баланың қымсына сілкіген көз жасы билет кесуші жігіттің автобустан түсіріп тастамаған қамқорлығымен шектелді. Мектептен қалғысы келмейді. Жоқшылық бекімеген қабырғасын қайыстырады.
Қасіреттің үлкен-кішісі жоқ. Жолақысын төлей алмай, өтірік айтуға мәжбүр болғанына қорланған баланың кішкентай ғана жүрегіндегі қасіретті кім түсінер?! Болашақтан мейірім күтеміз. Сол мейірімді алдымен беруді ойланамыз ба?..
Шындап қарасақ, табиғи байлығы шылқыған мемлекеттің баласының мектепке жолақы таппауы – қасіреттің көкесі. Ал алақандай аралдағы 126,4 млн халқы бар жапон мемлекетіндегі балаға деген қамқорлықты айтуға сөз жетпейді.
Жапонияда теміржол бір ауылдағы жалғыз оқушыға бола қызмет етеді, пойыз әлгі оқушыны күн сайын тегін тасиды. Мұның мемлекет үшін қыруар шығын екені анық.
Бірақ әр баланы ертең мемлекеттің тірегіне айналатын азаматы деп қараса, шығынның еселеп ақталары сөзсіз. Қиял-ғажайыптай көрінген жайтты, табиғи ресурсқа бай біздің мемлекетте қолға алуға мүмкіндік бар. Мемлекет үшін басты құндылық бала болуы шарт.
Бала мектепке баруға қажет жолақыны қайдан аламын деп уайымдамай өсуі керек. Қарапайым ғана нәрсе, бірақ шешілуі қиын.
Жолақы төлей алмай қорланған баланың бойында сана еркіндігі қалыптасуы мүмкін бе?
Мемлекеттің даму стратегиясына ықпал етуі ықтимал аса маңызды жайтқа мойын бұратын кез туды деп ойлаймын. Ол – мектеп жасындағы баланың жолақысы.
Бала аптасына алты күн сабаққа барады. Баруы мен келуін қосып, аптаға көбейтсеңіз, әжептеуір ақша дөңгеленіп шыға келеді. Бір үйде кемі екі бала мектеп жасында деп алсақ, отбасыға қомақты салмақ түспек.
Елеусіз жайтқа бір сәтке үңіле қарасақ, үңірейген олқылықты көрер едік. Әр балаға тиын-тебен санап беруге мәжбүр ата-ананың кірбиген қабағы... Үзілісте өзгелер қатарлы мектеп буфетінен бір бәліш алып жеуге ақшасының болмауы бала жүрегіне елеулі сызат түсіреді. Осының өзінен сол баланың болашаққа деген көзқарасының күннен күнге күңгірттене түспесіне кім кепіл?!
Иә, көпбалалы отбасыларға Үкімет тарапынан мүмкіндігінше қамқорлық жасалып жатыр. Десе де, мектеп жасындағы бала үшін қоғамдық көлікті неге тегін етпеске?!
Табысын күнкөріске жеткізе алмайтын отбасы балалары көбіне ашқұрсақ жүреді. Содан келіп, шұрқыраған асқазанды түйір аспен жалғау үшін ата-анасы жолақыға берген ақшаны үнемдеудің жолын қарастыра бастайды. Ең қарапайым жолы – билет кесушіге ақшасын қалтасынан түсіріп алғанын сылтаурату. Мұндай сылтау билет кесушілердің бәріне бірдей өте бермейді.
Өткен қыста астанадағы автобустардың бірі ақшасы жетпегені үшін оқушы баланы қақаған аязға қарамастан жолдан түсіріп кеткені әлеуметтік желіде кеңінен талқыланғаны есімізде.
Автобус иесінің көзқарасымен қарасақ, ол күнделікті жол шығынын өтеумен шектелмей, табыс табуы керек. Оған шопыр мен билет кесушінің жалақысын қосыңыз. Бұл тығырықтан құтқарушы күш мемлекет қана болмақ.
Еуропа мемлекеттерінде туу көрсеткіші төмен. Сондықтан бала туамын деген әйелге һәм өмірге келген балаға қамқорлық күшті.
Бізде керісінше. Әйелдеріміз, шүкір, егіздете, сегіздете бала туады. Тек туған балаға деген қамқорлық көлемі қайыршыға берген садақадай екені болмаса.
Өмірге келген бала сағат санап, сәт санап өседі. Ол мектепке барғанда машақат басталады. Жолақыны есептемегенде мектепке киетін киімі мен дәптер-қаламы, сөмкесі мен кітабы бар.
Жыл сайын жол жөндеу сияқты ұшығын ұстатпайтын шексіз шығынға Үкімет миллиардтаған қаржы бөледі. Есебінің ұшығы құмға сіңіп кететін шығындардың арасына мектеп жасындағы баланың көлікке төлейтін жолақысын неге енгізбеске?!
Жолақыдан қиналған бала мектепке бармаудың амалын іздеуі әбден мүмкін. Бала табыс таба алмайды, сөйтіп тығырықтан құтылғысы келгенде қылшеңбер тұйықтала түседі.
Пұл табу үшін бала жолдан тайдыратын топтарға қосылып кетуі де мүмкін. Мектеп оқушыларының қылмысы туралы ақпаратты көп еститініміз содан.
Жамандықтың болуын күтпей, алдын алатын күн туды. Мемлекет баланың мектепке қатынауына қажет жолақыны өз мойнына алса, қамқорлық болар еді.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
-
1🎄Новогодние скидки: билеты на поезда по выгодным ценам распродают в Казахстане
- 5287
- 1
- 3
-
2❓День потрачен впустую: кто виноват и что делать, если доставка задерживается
- 5060
- 3
- 16
-
3⚠️ Доброе утро! Предлагаем обзор главных новостей за 21 ноября
- 2821
- 0
- 7
-
4🏃♀️Семейный забег пройдёт в Астане. Победители получат телевизоры, пылесосы и планшеты
- 2777
- 1
- 21
-
5‼️К смертной казни приговорили жительницу Таиланда за серийные убийства с помощью цианида
- 2425
- 1
- 28
-
6🔥Столичные пожарные потушили горящий автомобиль
- 2392
- 0
- 11
-
7⚡️Солдат впал в кому после удара сержанта: начался суд по резонансному инциденту в воинской части Отара
- 2455
- 6
- 27
-
8⚖️ Прокуратура вернула 12,5 млн тенге предпринимателям алматинского метрополитена
- 2403
- 0
- 15
-
9☄️Продажи и прибыль Temu и Pinduoduo упали: акции рухнули на 11%
- 2409
- 0
- 5
-
10🥶Ночные морозы до -23 прогнозируют на выходных в северной половине Казахстана
- 2574
- 0
- 8