"Тек" сөзін түсінбеудің ақыры...
Кейде, жаныңды жегідей жеген қасіреттің шындыққа жуысатын жерін еріксіз мойындап, бармақ емес шынтағыңды шайнағың келеді. Бірақ, мүмкін емес?!
"Жалғыз қызымның тұңғышына бесік апаруыма құдағиым тиым салды?!", – деп күрсінген әйелдің ащы жасы әдемі жүзіне сорғалай жөнелді. "Арзан бесігіңді ел-жұртқа қай бетіммен көрсетемін?! Бесік тойымда қонақтардың арасында отырсаң жеткілікті?!" – деген құдағиы жер бетінде жалғыз қызынан басқа қуанышы қалмаған ананы "әже бақытынан" айырған.
Күйеуі мен ұлы жол апатынан қаза тауып, жалғыз қызбен аңырап қалған әйел бар тапқан-таянғанына қызын шетелге жіберіп оқытады. Көз қуанышы үмітін ақтап, өте жақсы оқиды. Екінші курста жүріп-ақ брокерлік компанияда жұмыс істеп, өзі түгілі – анасына ақша салып тұрады. Жалғыз анасының қаншалық қиындықпен оқытып жатқанын санасымен қабылдаған қыз оқу мен ақша табу жолын қатарымен игереді.
Оқып жүріп үй сатып алды
Шетте жүрген жалғыз қыздың жанталасын Жаратқан ие қолдаса керек. Ақылды қыз үшінші курста оқып жүргенде анасына қаланың қақ ортасындағы шетел компаниясы салған "ақылды үйден" төрт бөлмелі хан сарайындай пәтер сатып әпереді.
Соңғы курста шет елдік алпауыт компаниядан сұраныс алып, жұмыс орнын дайындап үлгереді. Бірақ, қыз бен ананың арасындағы трагедия да осы жат елден бастауын алады. Өзімен бірге оқитын жерлес жігітпен көңіл қосады. Сүйгені – байлығы асып-тасқан алпауыт отбасының ұлы боп шығады.
"Ол отбасын бұрыннан танитынмын. Өте жанжалқұмар, бәлеқор, кісі малын бүлк етпей тартып алатын әулет болатын. Қызына "тексіз әулеттің баласына күйеуге шықпа. Тақыр кедей болса да текті жердің баласына шық. Жігітің тексіз әулеттен. Қанша керемет болғанымен, күндердің-күнінде тегіне тартпай тұрмайды", – деген ана өтінішін ғашық боп қалған жас жүрек аттап кетеді.
Танысуға келген құдағи шәй ішуге жиіркенген
Болашақ күйеуінің алпауыт отбасынан екенін білетін қыз анасын үлде мен бүлдеге орайды. Мақсаты – жігітінің анасының, болашақ енесінің талғамынан шығу.
Табиғат сыйлаған сұлулығы бойынан кетпеген әйелді кездесуге барғанда болашақ құдағиы кірпиязданып қабылдайды. Құдасы қанша жерден білдіргісі келмегенімен, құдағиы дастарқаннан су ұрттамайды. Бар айтқаны: "Баламыздың таңдауына қарсы шыға алмай отырмыз. Тойды Дубайда жасаймыз. Билетіңізді әпереміз. Қанша адам барасыздар?!", – деп сұрайды.
Тосын ұсыныстан тосылған әйел айтарға сөз таппайды. Бауырларын еріткісі келетінін айта бергенде, алдын орағытқан құдағи: "Өзіңіз барсаңыз жеткілікті. Ол жерде жоғары деңгейдегі ақсүйектер жиналады!", – деп, төтесінен бір-ақ кеседі.
Ақсүйектік өзінде жоқ құдағидың сонша тектіні қайдан жинағанына алғашында таң қалады. Қорсынған ұсыныстан тамағына тірелген ызасын қызының бақыты үшін әрең жұтқан әйел дегендеріне көнеді. Армандай күткен қызының тойына Дубайға жалғыз ұшады. Қорлаудың легі тойда жалғасады. Құдағидың туыстарына бизнес-кластан, қалыңдықтың анасына эконом кластан билет алынады.
Қалыңдықтың анасын елеген жан болмайды
Жалғыз қызының бақытты сәтіне көлеңке түсіргісі келмеген әйелге думанды той жесірлігінің жаназасындай қасірет шеккізеді. Десе де, қызының бақытты жүзін көргеніне шүкіршілік етіп, су орнына у жұтып, елге қайтады. Елге оралған соң, салт бойынша кызының артынан киімін апарады.
Кіл ығай мен сығайдың әйелі жиналған зәулім үйдің салтанатының өзі жалғыз әйелді жұтып жіберердей. Себебі, құдағи бұл жолы да одан жеке өзінің келуін талап етеді. Шет елдік брендпен қызының жинаған киімін апарған сөмкелер, есік көзінде қалып қояды. Табалдырықтан аттаған сәтте-ақ құдағиы: "Әкелген киімдеріңізді көрсетудің қажеті жоқ. Алдағы апта жастар Парижге ұшпақшы. Сол жақтан сәнді фирмалардың киімін алдыртамын!..", – деп, сөзді қысқа қайырады.
Бақыттан басы айналып жүрген қызын көргеннің өзіне шүкіршілік етіп, құдағидың бұл талабына да көнеді. Сорақының көкесі – немерелі болғанда сопаң етеді.
Армандай аңсаған немересін көру қуанышына елітіп, базардағы әсем безендірілген бесікті сатып алғандағы сезімін айтуға тіл жеткізе алмайды. Үкінің де ең әдемісін іздеп жүріп табады.
Қалыптасқан әдет бойынша жалғыз өзі таксимен бесігін арқалап, қызының үйіне барады. Қақпадан қабылдап алған күзетші бесік пен нәрестеге арнап алған сыйлықтарын қолынан алып қалады. Жүрегі тіксінсе де сыр бермей, ішке кіреді. Құдағиы бұл жолы да тосынсый дайындап қойыпты. Мықты ағаш шеберіне арнайы тапсырыспен күміспен қақталған, жаңғақ ағашынан бесікті 5000 долларға тапсырыспен жасатыпты.
Жұдырыққа да жүрек көнеді
Үсті-үстіне тиген соққыдан есеңгіреп, не де болса көнейін деп бел буады. Немересін көргісі келгенде естігені: "Микроб жұғады. Қырқынан шыққан соң көрсетеміз...". Қызының бар жайттан бейхабар екенін көріп тұрып, көңіліне кірбің кіргізгісі келмеген ана жүрегі бұл қасіретті де үнсіз жұтты.
Қонақтардың арасынан бір әйел қасына келіп: "Құдағи, көңілсізсіз?! Өткенде той үстінде де байқадым?.. Қызыңыздың ауқатты отбасына келін болғаны ұнамады ма?", – деп сұрайды. Көзіне тіктеп қарағанда, қасына келген әйелдің бойынан тектілікті байқайды. Жауап орнына басын шайқайды. Қонақ әйел түсінгендей қолын жәймен қысады.
Екі жыл көлемінде құдалар жағынан алған алғашқы адами қарым-қатынасы – бейтаныс жанның түсіністікпен қолын жәймен қысқаны болатын.
Бір қараған көзге еті тірі қыздың жалғыз анасын қорлыққа беріп қоюы қисынға келмейді. Кілтипанның кілті тағы сол, әйелде еді. Таразының екінші басында жалғыз қыздың бақыты тұрғанда, қу шеше бәріне көнеді. Бұған дейін де ол бала бақыты үшін құрбандыққа барған. Бола да бермек.
Бесік салар тойынан соң қызы кафеге кездесуге шақырады. Түйсігі мықты қыз анасының қабағындағы кірбіңді байқап үлгерсе керек. Оған қосымша: той біткен соң күзетшінің бір бесікті қоқыс машинасына артып жатқанын көреді. Жүрегі әлденені сезіп, жүгіріп барып сұрайды. Күзетшіден анасы әкелген бесік екенін естігенде, жер шайқалғандай теңселіп кетеді.
Ашық әңгімеге барғанда енесі: "Қайыршының қызы екеніңе қарамай ұлыма алдыртқаныма рақмет айт?! Егер, дегеніме көнбесең, баланы алып қалып, өзіңді қуып жіберемін. Маған десең әлемнің сотына бер. Ақшам аман болса, әлемді сатып аламын!" – деп, сөзді қысқа қайырыпты.
Әлқиссаның түп-тамырын енді аңғарған қыз тірелген тығырықтан шығар саңылау іздейді. Кезінде анасы айтқан өтінішті тыңдамаудың қасіретін сезінеді.Анасының аяғын құша еңірейді. Ана мен бала ортасындағы қылкөпірден қалай аттарын білмей, көз жасын төгеді. Ет бауыры баласынан айырылып қаламын деген қорқыныштан лезде шөптей солған қызын көргенде ана жүрегі алқымға тірелді.
Бар айтқаны: "Асығыстыққа салма. Бәрін уақыт жеңеді. Балаң есейсін. Көзін тапсаң, шетелдегі жұмысыңды жалғастыр. Алыста жүрсең, жүрегің тыныш болады", – деу ғана болды.
Кештеу болса да ана кеңесін қабыл алды. Күрестен жеңілетінін көрді. Қолынан келері шетелде алған білімі ғана екеніне көзі жетті. Қазақстанда тұруды жаны қаламайтын күйеуін шетелге әкету қиынға соқпады.
Келіні мен баласының шетелдік ірі компанияда қызмет еткеніне құдағи да қарсы болмады. "Келін мен бала шетелде жұмыс істейді" деген атақ ұнаса керек. Барлық пен жоқтық тоғысқан жерде байлықтың кедейді табанға салары сөзсіз.
"Тәрбие – талбесіктен"
Қызының қателікке ұшырауына өзін кінәлаған Ана "тек" сөзінің маңыздылығына дер кезінде мән бермегеніне өкінді. Ертеректе, ата-анадан, одан қала берді ауылдас қариялардан дәстүрлік тиымды естіп өскен ұрпақта "тек" сөзінің қадірі болды. Сөз қадіріне құлақ асып, өз ұрпағын қанатымен қорғалап отырды.
"Тек" ұғымы текке жаралмаған. Қоғамда болып жатқан кез-келген оқиғаның түбірінің текке апарып соғатыны кәміл.
"Ақсұңқар асын шашып жейді,
Қарға-құзғын басып жейді..."-ні атам қазақ текке айтпаса керек.
Байлықтан баз кеш демейміз. Себебі, байлыққа кенелсе де адами қасиетін жоғалтпаған саналы жандар да жоқ емес. Десе де, пешенесіне нәсіп еткен байлықпен адам тағдырын ойыншыққа айналдырып жатқандарды көргенде: "Қайран, Мамай, қор болдың?!"-ды айтпасқа шараң қалмайды екен.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
-
1🎄Новогодние скидки: билеты на поезда по выгодным ценам распродают в Казахстане
- 5531
- 1
- 3
-
2❓День потрачен впустую: кто виноват и что делать, если доставка задерживается
- 5335
- 3
- 18
-
3⚠️ Доброе утро! Предлагаем обзор главных новостей за 21 ноября
- 2886
- 0
- 7
-
4🏃♀️Семейный забег пройдёт в Астане. Победители получат телевизоры, пылесосы и планшеты
- 2800
- 1
- 21
-
5‼️К смертной казни приговорили жительницу Таиланда за серийные убийства с помощью цианида
- 2477
- 1
- 28
-
6🔥Столичные пожарные потушили горящий автомобиль
- 2445
- 0
- 11
-
7⚡️Солдат впал в кому после удара сержанта: начался суд по резонансному инциденту в воинской части Отара
- 2520
- 6
- 27
-
8⚖️ Прокуратура вернула 12,5 млн тенге предпринимателям алматинского метрополитена
- 2456
- 0
- 15
-
9🔥 Полицейские эвакуировали 20 человек из горящей многоэтажки в Кокшетау
- 2402
- 0
- 20
-
10☄️Продажи и прибыль Temu и Pinduoduo упали: акции рухнули на 11%
- 2484
- 0
- 5