Қазақстандағы нарықтық экономика мен әкімшілік реформаны жүргізу жағдайында, экономиканың басты элементі – бәсеке мен бәсекелестік – тек қана әлемдік, өңірлік нарық пен шикізат көздері (ресурстар) үшін жанжал мен күрес емес, сондай-ақ, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қалай болғанда да, бәсекеге түсіп отырған қарсылас субъектіні жою үшін болатын қатал күрес жүретіндігін әрдайым есте сақтауымыз керек.
Бұл күрес өндірістер мен кәсіпорындар арасында ғана емес, мемлекеттердің арасында да бар. Экономикасы дамыған елдерде ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мол тәжірибе жинақталды, бұл қазіргі кезде, біздің де қызығушылығымызды арттырды.
Сайып келгенде, әлемнің аса ірі мемелекеттері өздерінің ұлттық қуаттылығы мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы қызметтердің әлеуетін кеңінен қолданып жатыр.
Өнеркәсіптік-экономикалық шпионаж (экономикалық барлау) – әлемдегі ірі компаниялар мен мемлекеттердің арасындағы бәсеке күресінің маңызды қаруы мен тәсілі.
Бұл қажетті, құпия ақпараттарды жинау – заңға қайшы келетін, жасырын әрекет, яғни бәсекелесуші, қарама-қарсы жақтардың өз коммерциялық мүддесі үшін жасалатын әрекеті.
Өндірістік шпионажға заңнамалық тұрғыдан анағұрлым терең анықтаманы Интерпол берген: "...бір нәрсе өндіру үшін жасалған немесе сатып алынған, өнеркәсіптік құндылығы бар, кеңірек айтқанда, ұлттық экономика үшін құны бар жеке және заңды тұлғаға тән интеллектуалдық меншікті кез келген жалған жолмен иемдену".
Өнеркәсіптік-экономикалық шпионажды түрлі деңгейде жасайды:
- Мемлекеттік деңгейде. Мұнда еліміздің экономикалық қуаттылығын, оның экономикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған макроэкономикалық ұлттық мүдделер маңызды болып саналады;
- Трансұлттық корпорация деңгейінде, яғни, бір жағынан, өзінің экономикалық қуаты бойынша кейбір мемлекеттердің экономикалық қуатынан асып түсіп жататын, екінші жағынан, пайда үшін тәжірибеде өнеркәсіптік шпионажды 100 пайыз пайдаланатын әлемдік экономиканың алпауыттары арасында;
- Кейбір өндірістер яғни кәсіпорындар деңгейінде.Бұл салада мұндай қызмет жағымсыз экономикалық тенденцияларды анықтап, сыртқы сауда саласында шетелдік үкіметтер тарапынан дайындалып жатқан акциялар жайлы алдын-ала ескертіп, сауда келіссөздерінде делегацияларды барлау ақпаратымен жабдықтау керек болады.
Халықаралық тәжірибелерді зерттей отырып, оның ішінде осы саладағы көш бастаушы Батыс елдері экономикалық барлау қызметін назарға алып, экономика саласындағы барлау қызметінің үш басты құрамдас бөліктерін анықтауға болады. Олар: макроэкономикалық барлау, микроэкономикалық барлау және экономикалық қарсы барлау.
Өнеркәсіптік шпионаж және оған қарсы тұру тәсілдері жөнінде Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің әзірге түсінігі аз, толық біле бермейді. АҚШ-та жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша 1554 компанияның 1324-і тұрақты өнеркәсіптік-экономикалық шпионаж жасаған болса, ал үштен бірі экономикалық шпионаж қызметтерін жасақтаған.
Макроэкономикалық және микроэкономикалық барлауды мемлекет тарапынан қамтамасыз ету экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізі екендігі жасырын емес. ХХ ғасырдың 70 жылдары "экономикалық қауіпсіздік" термині шыққаннан кейін, ол дамыған капиталистік елдерде тым жылдам таралды.
Экономика саласындағы барлауда негізінен әлемдік ақпаратты сүзіп отыратын "ЭШЕЛОН" жүйесі жұмыс істейді.
"ЭШЕЛОН" – әлемдегі барлық байланыстарды тыңдайтын, деректерді талдауға бағытталған және автоматтандырылған көп деңгейлі жүйе.
Шетел байланыс жүйелеріне мыналар жатады: әскери байланыс жүйесі, радио, телеграф, электрондық пошта, факс және теледидар. Тиісті ақпараттарға сәйкес "ЭШЕЛОН" әлемнің 3 млрд астам халықтың ақпараттарын (факс, телефон, электрондық пошта т.б.) тыңдай алады.
Тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, экономикалық шпионажға тапсырыс бергендердің бөлінуі былайша:
- Бәсекелес компаниялар тапсырысы 39%;
- Клиенттер – 19 %;
- Жабдықтаушылар (поставщики) – 9%;
- Барлау қызметтері – 7%.
Әлемдік мемлекеттер өкілдері қалыптасқан халықаралық жағдайдың шынайы қалпын сақтай отырып, ұлттық экономиканы қамтамасыз етудің экономикалық тәсілдерін қолданды.
Экономикалық барлау аясында басты тетік тыңдау болып саналады. Мәселен Еуропа одағында бұл жұмыс сыртқы коммуникация, мемлекеттік коммуникация және азаматтық (жеке) коммуникация арқылы әртүрлі деңгейде жүргізіледі. .
Экономикалық барлау органдары (өзінің маңызы жағынан мемлекеттік-қаржылық бақылаудың ұлттық жүйесінің бөлігі болып табылатын) елдегі саяси және әскери жағынан ұлттық территорияда экономикалық белсенділікті бақылаумен шұғылданады. Барлау әрекеті түрлерінің ішінде мыналарды ажыратып көрсету керек:
- Ұлттық өндірістерге кесірі тиетін заңсыз бәсекеге; шетелдік бәсекелестердің коммерциялық ресми емес операцияларына; "стратегиялық" өндірістерді дұшпан ретінде иеленуге, ұлттық өндірістерге кесірі тиетін дезинформацияға қарсы әрекет ету;
- Ұлттық экономиканың кейбір салаларының бәсекеге қабілеттілігіне кері әсер ететін шетелдік технологиялық жетістіктерге; ұлттық экономиканы тұрақтандыруға қабілетті саудагерлік операциялар мен жағдайларды болжау мақсатындағы халықаралық қаржылық нарықтарға мониторинг жүргізу;
- Бірігу мен жұтылу нарқын; жабдықтау барысында күтпеген жерден пайда болған іркілістерді жою мақсатында энергетикалық және стратегиялық шикізаттарды (ресурстарды) бақылау.
Макроэкономикалық барлау дегеніміз – шетел мемлекеттерінің экономикалық даму тенденциялары жөнінде, энергетикалық, шикізат ресурстары, шет елдерде жасалған технологиялар жөнінде барлау ақпараттарының жиынтығы. Бұған, сондай-ақ, салалық және аймақтық нарықтардың жайын, әлемдегі аса ірі корпорациялардың әрекеттерін, қаржы жүйесінің жұмысын зерттеу және т.б. жатады.
Макроэкономикалық барлаудың басты ерекшелігі – оның маңызды бөлігі толығымен ресми түрде жүзеге асады және ол мазмұны жағынан ғылыми-зерттеу жұмысына жақын келеді.
Орталық барлау басқармасы (ОББ) мамандарының пікірінше, өзара дос 20 шақты елдің агенттері АҚШ-тың экономикалық жоспарлары мен өндірістік құпиялары жөнінде ақпарат жинап, "достық шпионажы" деңгейінде нақты әрекеттерді жүзеге асырады.
Сондай-ақ, АҚШ фирмалары бойынша олардың одақтастарының өнеркәсіптік шпионаж фактілері сақталуда. Бұл жерде Жапония, Қытай, Франция, Ресей және Израиль арнайы қызметтері неғұрлым күшті белсенділік танытады.
Ақ үйдің ғылым мен техника бойынша басқармасының бағасына назар аударсақ, жыл сайын американ бизнесі өнеркәсіптік шпионаж нәтижесінде 100 млрд доллар мөлшерінде шығынға ұшырады.
Микроэкономикалық барлауды мемлекеттің барлау қызметі американ корпорациясының мүддесі үшін олардың шет ел бәсекелестерімен күреседі. Қазіргі кезде бұл – барлау қауымдастығы әрекетінің ерекше бағыты болып отыр.
Бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарына ену және Дүниежүзілік сауда ұйымы аясында Қазақстанның экономикалық барлау қызметтері тиімді жұмыс жасаулары қажет.
Қазіргі кезде экономикалық қауіпсіздік – еліміздің экономикасын үздіксіз және тұрақты дамыту мен жетілдіруге бағытталған, сыртқы және ішкі қатерлерге қарсы тұру механизмін міндетті етіп көрсететін жалпыхалықтық шаралар кешені.
Демек, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру процесі болмағандықтан осындай жағдай қалыптасты.
Осыған байланысты және жоғарыда көрсетілген американдық тәжірибеге қарап, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне (интеллектуалдық меншік құқығының бұзылуы) тиісті өзгерістер мен қосымшалар енгізу қажет деп есептейміз.
Қазақстан Республикасында микроэкономикалық барлаудың басты элементі іскерлік мониторингті жаппай енгізу қажет. Оның мәні мынада: қаржылық есептер мен болжамдар, стратегиялық жоспарларлар, маркетинг жоспарлары, перспективті өнімнің параметрлері, келісім-шарттарды т.б. зерделеу.
Бұл құжаттар, әдеттегідей арнайы қорғалатын ақпаратты қамтиды. Мұндай ақпараттың басым көпшілігіне қол жеткізудің заңды жолдары болмайды. Экономикалық барлаудың міндеті – контрагенттің мүмкіндіктері, ұстанымдары, болжамдары туралы жанама немесе баламалы негізде пікір жасауға мүмкіндік беретін ақпаратты заңнама рұқсат еткен әдістермен алу.
Іскерлік мониторингте негізгі әдістер ретінде мыналар пайдаланады:
- Ұйымның шаруашылық қызметін талдау әдістері;
- Ұйымды қаржылық талдау әдістері;
- Нарықты маркетингтік зерттеу;
- Социологиялық әдістер (сауалнамалар, құжаттарды контент-талдау);
- Тұлғаны психологиялық диагностикалау және психологиялық талдау.
Аталған әдістер қажетті ақпаратты берілген көлемде алуды қамтамасыз етеді. Аналитиктер жүзеге асырған құрылымдандыру және верификациялау операцияларынан кейін бұл ақпарат конфиденциалды болады.
Фирма басқару стратегиясы өзіне үнемі тек өз елінде емес, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі экономикалық жүйе, қоғам мен саясаттағы өзгерістер бойынша деректерді алып тұруы тиіс.
Қазіргі заманғы менеджмент мына үрдістерді ескеруі қажет:
- Бизнес жаһандануының жеделдеуін;
- Тауарлар, қызметтер және технологиялар нарықтарының дүниежүзілік масштабтарға ие болуын;
- Технологиялық жаңару процестерінің жеделдеуін, ол ғылым мен НИОКР саласының өзара іс-әрекеттесуіне әкеліп соғады.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
-
1🎄Новогодние скидки: билеты на поезда по выгодным ценам распродают в Казахстане
- 5287
- 1
- 3
-
2❓День потрачен впустую: кто виноват и что делать, если доставка задерживается
- 5060
- 3
- 16
-
3⚠️ Доброе утро! Предлагаем обзор главных новостей за 21 ноября
- 2821
- 0
- 7
-
4🏃♀️Семейный забег пройдёт в Астане. Победители получат телевизоры, пылесосы и планшеты
- 2777
- 1
- 21
-
5‼️К смертной казни приговорили жительницу Таиланда за серийные убийства с помощью цианида
- 2425
- 1
- 28
-
6🔥Столичные пожарные потушили горящий автомобиль
- 2392
- 0
- 11
-
7⚡️Солдат впал в кому после удара сержанта: начался суд по резонансному инциденту в воинской части Отара
- 2455
- 6
- 27
-
8⚖️ Прокуратура вернула 12,5 млн тенге предпринимателям алматинского метрополитена
- 2403
- 0
- 15
-
9☄️Продажи и прибыль Temu и Pinduoduo упали: акции рухнули на 11%
- 2409
- 0
- 5
-
10🥶Ночные морозы до -23 прогнозируют на выходных в северной половине Казахстана
- 2574
- 0
- 8