Бұл – кейбір ақпарат көздері таратқандай, Уханьдағы халықтың олақтығынан пайда болған немесе саналы түрде саяси мақсатта жасалған әрекеттен таралған індет қана.
Адамзат өзінің надандығының, олақтығының, ғылым-білімнен кенжелеуінің салдарынан талай ауруға шығын болды.
- 1346-1353 жылдары бүкіл Еуропаға жайылған, тарихта "Қара өлім" деген атпен белгілі обадан Еуропа халқының 30-60%-ға дейінгі бөлігі;
- 1660-1669-жылдары Англияда орын алған "Ұлы обадан" Лондон тұрғындарының 20%-ы өлім құшқан.
Оқи отырыңыз: Карантин бізге неге керек?
Өз ата-бабаларымыз да оба мен сүзекке талай шығын берді. Сондықтан да, мұндай жағдайда бәрін Құдайға тірей беру мәселені шешпейді де, жеңілдетпейді де. Бұның алдын алатын тек қана ғылым-білім, медицина, адамның ақылы екені аян.
Ал осы кезде дін өкілдерінің ғылымды табалап, "Ғылым мықты болса, адам баласы осындай күйге түсе ме, ғалымдардың шақшадай басы шарадай болып қалмады ма?" деп тепсінуі мүлде қисынсыз. Бұл уақытша ғой.
Себебі, атам заманнан бергі адам баласының тіршілігінде орын алған мәселелердің дағдарыстағы шешімін тауып, тығырықтан алып шыққан – ғылым, ғылымды игерген ғалымдар мен саясаткерлер емес пе еді?! Бейнелеп айтқанда, бәрін Құдайдың жазғанына артып, ғибадатқа тіреп, бас изеп отыра беру адам баласын жер бетінен түгел құртып жіберуі мүмкін.
Оқи отырыңыз: Екіжүзділік пен эгоизм. Карантин кезінде қоғамда не байқадық?
Ғылым соңғы адамды, соңғы отбасыны болса да, аман алып қала алады. Сондықтан да мұндайда "Мұсылманның соңғы қаруы – Дұға. Дұғада болайық, бауырлар!" деп тепсіне сөйлеу немесе "Бәленше көктен түспей, түгенше жерден шықпай, түк те болмайды" деп күңірену, былайша айтқанда орта ғасырдың әңгімесі сияқты ма, қалай өзі?!..
Бізге қайық екі рет келіп кеткен сияқты ғой...
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
-
1🎄Новогодние скидки: билеты на поезда по выгодным ценам распродают в Казахстане
- 5276
- 1
- 3
-
2❓День потрачен впустую: кто виноват и что делать, если доставка задерживается
- 5043
- 3
- 16
-
3⚠️ Доброе утро! Предлагаем обзор главных новостей за 21 ноября
- 2818
- 0
- 7
-
4🏃♀️Семейный забег пройдёт в Астане. Победители получат телевизоры, пылесосы и планшеты
- 2773
- 1
- 21
-
5‼️К смертной казни приговорили жительницу Таиланда за серийные убийства с помощью цианида
- 2421
- 1
- 28
-
6🔥Столичные пожарные потушили горящий автомобиль
- 2388
- 0
- 11
-
7⚡️Солдат впал в кому после удара сержанта: начался суд по резонансному инциденту в воинской части Отара
- 2452
- 6
- 27
-
8⚖️ Прокуратура вернула 12,5 млн тенге предпринимателям алматинского метрополитена
- 2400
- 0
- 15
-
9☄️Продажи и прибыль Temu и Pinduoduo упали: акции рухнули на 11%
- 2407
- 0
- 5
-
10🥶Ночные морозы до -23 прогнозируют на выходных в северной половине Казахстана
- 2569
- 0
- 8