Астанада болған Мәжілістің мақсаты – Қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылау және Қоғамдық кеңестер мен мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынас механизмдерін жетілдіру.
Мойындауымыз керек, осыдан үш жыл бұрын құрылған Қоғамдық кеңес әлі күнге дейін аяғынан тұрмады, қоғамдағы билік пен халықтың арасын жақындататын құрылымға айналған жоқ. Қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен Қоғамдық кеңес пен билік өкілдері бас қосқан кешегі жиында осы құрылымның болашағын сөз қылды.
Түрлі пікірлерді тыңдап, саралай келгенде көзге түсіп, көкейде қалған мәселелер:
– Қоғамдық кеңестердің мүшелерін таңдау (тағайындау, сайлау, т.т.) көптеген сұрақтарды туғызды. Егер әрбір министрлік не әкімшілік өздерінің жұмыс топтарын құрып, сол арқылы Қоғамдық кеңестің мүшелерін белгілесе, сөз жоқ, "одобрямс" деп, "бір кісідей" қол көтеретін кеңестер пайда болады. Бұл – талассыз мәселе. Ал егер Қоғамдық кеңестің мүшелерін таңдауды қоғамның (халықтың) өзіне берсе, оның механизмдері қандай болмақ және ең бастысы, мемлекет бұған жібереді ме?
– Қоғамдық кеңестер деп аталғанмен бұл құрылымның мүшелерінің 23 пайызы – мемлекеттік органның өкілдері... Азаматтық қоғамның негізгі бөлігі болып табылатын үкіметтік емес ұйымдардың үлесі – 20,7 пайыз! (Министрдің айтуынша 33 пайызға жеткен, бірақ бұл да – мардымсыз көрсеткіш). Демек, атқарушы билік "Қоғамдық кеңес" деп аталатын құрылымға "сол мәселенің жөнін, жапсарын білетін жандар керек" деген сылтаумен өздерінің өкілдерін отырғызады. Қазіргі заң бойынша, Қоғамдық кеңестің үштен бірі мемлекеттік органның өкілдері болуға тиіс. Ал Азаматтық альянстың ұсынысы бойынша (оны Азаматтық қоғамды дамыту министрлігі де қолдап отыр), мемлекеттік органның өкілдері он пайыздан аспауы шарт. Қысқасы, Қоғамдық кеңес – қоғам өкілдерінен құралуы керек.
– Қоғамдық кеңестердің облыс, қала, аудандарды басқару жүйесіне араласуы да әзірге қағаз жүзінде қалған, нақты механизмдері жоқ. Ол, меніңше, түсінікті де. Қоғамдық кеңес – кеңесші орган, ол өзінің көзқарасын, ұсыныстарын береді, ал әкімшілік не министрлік "біз сіздердің көзқарастарыңызбен таныстық, ұсыныстарыңды білдік, өз арамызда талдадық, үлкен рахмет, бірақ шешімді өзіміз шығарып, өзіміздің білгенімізше жұмыс жасаймыз" десе, қарсы уәж айта алмайсың. (Кеңес заманында осы жағдайға дәл келетін "Мы посовещались, и партком решил" деген қанатты сөз бар болатын.) Демек, атқарушы биліктің жұмысына нақты әсер ете алатын тетіктер қажет.
Жиында бұдан да басқа сан түрлі ұсыныстар (Қоғамдық кеңестердегі адам санын нақтылау (әрбір аудан, әр облыста Қоғамдық кеңес мүшелерінің сан әртүрлі), квота мәселесі ("қанша әйел адам", "жастардың пайызы қанша болуы керек"), саяси партиялардың өкілдерінің болу не болмауы, қоғамдық кеңестердің кейбір қызметтерінің мәслихаттың өкілдіктерін қайталау болатынғы, т.т.)
Алайда, Қоғамдық кеңестердің басты мәселесі – жоғарыдан төменге дейін бір-біріне бағыныштылыққа негізделген ("вертикалды басқару жүйесі") билік жүйесіне қоғамдық құрылымды қалай "жабыстыруға" (енгізуге, араластыруға, т.т) болады деген сұрақтың шешімінде сияқты. Сапасыз сылақ ертең-ақ сыпырылып түспей ме?
Меніңше, Жер дауынан кейін естерін жинап алған билік азаматтық қоғамды биліктің шешім шығару жұмыстарына араластыру жолдарын іздеуге кірісті. (Былтыр мені Мәжілістің үш-төрт жұмыс тобының мүшелігіне енгізіпті, оларына – рахмет, бірақ Астана барып келуге қаражатым болмағандықтан заң шығару жұмысына араласа алмадым...Шынымды айтсам, барғым да келді, сол тақырыпта айтатын ойларым да, ұсыныстарым да бар болатын...Меніңше, бұл да қоғам мен биліктің арасын жақындатуға арналған "нақты қадам" еді). Соның бірі – Қоғамдық кеңестер.
Айта кету керек, осыдан он жыл бұрын, Парламентке бір ғана партия өткен уақытта, Мәжілістің жанынан сайлаудан өтпеген саяси партиялардың басшылары мен қоғам қайраткерлерінен тұратын Қоғамдық Палата жасақталған болатын. Біздер де жиналып, негізгі заң жобаларын талқылап, өзіміздің пікірлерімізді бердік. Әлі есімде, "ҚР Халқы Ассамблеясы" туралы заң жобасын талқылағанда, Ассамблея атынан 9 депутаттың сайлануына (тағайындалуына) қарсы, әрбір бапты жеке саралап баяндама жасадым. Бұндай қарсылықты күтпеген басшымыз (марқұм А.С Дьяченко) "бұл да біздің демократиялық құрылым екенімізді көрсетеді" деп құтылды, бірақ менің жанайқайым жауапсыз қалды. Сол сияқты Қоғамдық кеңестердің де жұмыстары да тек кеңес берумен шектелсе, "демократияның декорациясы" болып қалатындығында талас жоқ.
Екіншіден, Қоғамдық кеңестердің жұмыстарының нәтижелі болуы тек жақсы заңдармен шектелмейді, адами фактордың да үлкен әсері бар деп ойлаймын. Өз ойлары бар және оны ашық айта алатын, пайдасынан зияны көп жобаларды дәлелдей отырып тоқтата алатын жандардан құралған Кеңестердің жұмысы, шын мәнінде, нәтижелерін беруде. Оны кешегі жиынға қатысқан Батыс Қазақстан облысы аудандарының бірінің өкілі нақты жеткізді. Сонымен қатар, Кеңестерді атқарушы билікпен тең ұстап, олармен бірлесе жұмыс істеуден қашқақтамайтын жергілікті билік өкілдері мен министрлердің де бар екендігін де ұмытпайық.
Осы жиында "Қоғамдық кеңестер – билік пен халықтың арасындағы дәнекер" деген сөз көп айтылды. Меніңше, xалықтың өзі – билік, қазіргі "билік" деп жүргеніміз – халықтың қызметшілері. Бұл жерде ешқандай дәнекердің қажеті жоқ. Дәнекердің міндеті – екі бөлек денені жасанды түрде біріктіру. Билік халықтың қолында болмағанда ғана "дәнекер" мен дәнекерлеушілер пайда болады.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
-
1🎄Новогодние скидки: билеты на поезда по выгодным ценам распродают в Казахстане
- 5243
- 1
- 3
-
2❓День потрачен впустую: кто виноват и что делать, если доставка задерживается
- 5011
- 3
- 16
-
3⚠️ Доброе утро! Предлагаем обзор главных новостей за 21 ноября
- 2816
- 0
- 7
-
4🏃♀️Семейный забег пройдёт в Астане. Победители получат телевизоры, пылесосы и планшеты
- 2768
- 1
- 21
-
5‼️К смертной казни приговорили жительницу Таиланда за серийные убийства с помощью цианида
- 2417
- 1
- 28
-
6⚡️Солдат впал в кому после удара сержанта: начался суд по резонансному инциденту в воинской части Отара
- 2445
- 6
- 27
-
7⚖️ Прокуратура вернула 12,5 млн тенге предпринимателям алматинского метрополитена
- 2394
- 0
- 15
-
8☄️Продажи и прибыль Temu и Pinduoduo упали: акции рухнули на 11%
- 2400
- 0
- 5
-
9🥶Ночные морозы до -23 прогнозируют на выходных в северной половине Казахстана
- 2562
- 0
- 8
-
10🔥Столичные пожарные потушили горящий автомобиль
- 2387
- 0
- 11