ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев ҚХР сыртқы істер министрлігімен бірлесе Қытайдағы қазақстандық студенттер мен 680 туристі елге қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Туристердің жартысы Қазақстанға оралған. Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, қалған туристер бүгін-ертең елге келуі тиіс. Үкімет қазіргі таңда Қытайда білім алатын студенттердің каникулын ұзарту мәселесін қарастырып жатыр. Бірақ қанша уақытқа ұзартуға болатынын ҚХР үкіметі шешеді.
"Елге қайтқысы келетін студенттерге ұшақ дайын. Қытай жаңа жылын тойлауға байланысты қазір оларда демалыс. Каникулды ұзарту мәселесін көтердік. Қаншалықты ұзартуға болатынын Қытай үкіметі шешеді. Елге әкелінген студенттер карантинде ұсталады. Оларға арналған аурухана дайын. Ол жерге арнайы автобуспен жеткізіледі. Аруханада 14 күн жатады. Анализдерін алып, қанын тексереміз. Денсаулығынан кінәрат табылмаса, ауруханадан шығарамыз", – деді премьер-министрдің орынбасары.
Оқи отырыңыз: Коронавирустен көз жұмғандар саны 81-ге жетті. Қауіпті індет туралы қазақстандықтар нені білуі қажет?
Әуежайда студенттер мен медицина қызметкерлерінен басқа ешкім олармен байланысқа түспейді. Вице-премьердің сөзінше, медицина қызметкерлерінің барлығы нұсқаулықпен танысқан. Үкімет студенттермен байланыста болатын барлық маманның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді.
"Кеше үкімет басшысы Асқар Мамин қосымша қорғану құралдарын, маскалар мен қажетті заттарды сатып алуды тапсырды. Үкімет резервінен қосымша 1,5 млрд теңге бөлінді. Елге бұл инфекция келер болса, халыққа медициналық көмек қажет. Оған біздің барлық мүмкіндігіміз – ақша да, құралдар да бар", – деді ол.
Сапарбаев Қазақстанда медициналық маскалар жеткілікті екенін, кейбір жекелеген дәріханаларда жоқ екені белгілі болған жағдайда дереу жеткізілетінін айтты.
-
1🎄Новогодние скидки: билеты на поезда по выгодным ценам распродают в Казахстане
- 5794
- 1
- 4
-
2❓День потрачен впустую: кто виноват и что делать, если доставка задерживается
- 5614
- 3
- 18
-
3⚡️Дмитрий Мун стал вице-министром цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности
- 2410
- 5
- 90
-
4❓В НИИ онкологии и радиологии Алматы бесплатно проконсультируют жителей
- 2410
- 0
- 7
-
5🤑Размеры двух пособий вырастут в Казахстане в 2025 году
- 2427
- 4
- 16
-
6🌤 Прогноз погоды на 23 ноября: осадков не ожидается на всей территории Казахстана
- 2403
- 0
- 6
-
7⚠️Легковушка столкнулась с маршрутным автобусом на автомагистрали в Караганде
- 2212
- 1
- 17
-
8⭐️Сверхгигант, прячущийся в "коконе": астрономы сделали первый крупный снимок звезды из другой галактики
- 2175
- 1
- 13
-
9⁉️Чем известна Перизат Кайрат, возглавлявшая фонд BizBirgemiz Qazaqstan?
- 2325
- 15
- 42
-
10🇺🇸Как хотят справиться в США с бюрократией: меньше бумажек – больше дела
- 2147
- 1
- 21