Transparency International халықаралық ұйымы жыл сайынғы жемқорлықты қабылдау индексін жариялады. 180 ел қатысқан рейтингте Қазақстан 113-орынға ие болып, Сальвадор, Непал, Филиппин, Замбия, Свазилэнд елдерімен бір сатыға орналасты. Индексте Жаңа Зеландия мен Дания көш бастаса, Сомали, Оңтүстік Судан, Сирия мемлекеттері соңғы орындарды иеленген.
Жаһандық зерттеуде саяси ашықтық, саясат пен ақша, жемқорлық арасындағы байланыс, саяси билік пен партиялар, сайлау науқандарын қаржыландыру ережелеріне ықпал ету мәселелеріне назар аударылған.
"2008 жылы Қазақстан БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қосылғанымен, 2015 жылы ғана оның талаптарын өз заңнамасына енгізді. Алайда Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық түсінігі халықаралық құқық талаптарына сай келмейді", – деді Transparency Kazakhstan ұйымының атқарушы директоры Ольга Шиян.
Оның айтуынша, Қазақстанның рейтингтегі көрсеткішін әлі де жақсартуға сотталған жемқорлардың босап шығу деректері кедергі.
"Қазақстанда 2018 жылы жемқорлық қылмысын жасаған адам залалды толық өтеп, айыппұл төлеген жағдайда мерзімінен бұрын босауына заңнамалық негізде мүмкіндік берілді. Халықаралық құқықта бұған жол берілмейді", – деді Ольга Шиян.
Transparency International Қазақсанға сайлауда әділдікті арттыруды, саяси науқан кезінде жалған мәлімет таратуға шектеу қоюды және азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді, белсенділер мен журналистердің қорғалуын қамтамасыз етуді ұсынды.
-
1🎄Новогодние скидки: билеты на поезда по выгодным ценам распродают в Казахстане
- 5834
- 1
- 4
-
2❓День потрачен впустую: кто виноват и что делать, если доставка задерживается
- 5685
- 3
- 18
-
3⚡️Дмитрий Мун стал вице-министром цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности
- 2419
- 5
- 90
-
4❓В НИИ онкологии и радиологии Алматы бесплатно проконсультируют жителей
- 2421
- 0
- 7
-
5⁉️Чем известна Перизат Кайрат, возглавлявшая фонд BizBirgemiz Qazaqstan?
- 2340
- 15
- 42
-
6🤑Размеры двух пособий вырастут в Казахстане в 2025 году
- 2440
- 4
- 16
-
7🌤 Прогноз погоды на 23 ноября: осадков не ожидается на всей территории Казахстана
- 2433
- 0
- 6
-
8⚠️Легковушка столкнулась с маршрутным автобусом на автомагистрали в Караганде
- 2221
- 1
- 17
-
9⭐️Сверхгигант, прячущийся в "коконе": астрономы сделали первый крупный снимок звезды из другой галактики
- 2184
- 1
- 13
-
10🇺🇸Как хотят справиться в США с бюрократией: меньше бумажек – больше дела
- 2158
- 1
- 21