
Биыл қаңтарда әлеуметтік маңызға ие тауарлар бағасы 0,3 пайызға өскен. Оған егін жинаудың төмендеуі мен экспорттың артуы ғана емес, әкімдіктердің баға мониторингі мен жедел шаралар қабылдауда белсенді болмауы да себеп болған. Бұл туралы Сауда және интегрция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында мәлімдеді.
"Былтыр барлық өңірде шекті бағадан асқан 67 жағдай тіркелді. Бірақ бірде-бір әкімдік рұқсат етілген шекті бағаны бекіту рәсімдерін қолданбаған және сауда нысандарына заңмен белгіленген ықпал ету шараларын қабылдамаған. Қаңтар айында 7 шекті бағадан асып түсу жағдайы тіркелді. Алайда әкімдіктер тарапынан тағы да ешқандай іс-қимыл болған жоқ", – деді Бақыт Сұлтанов.
Министр бағаның өсуін баяулату үшін тұрақтандыру қорларын құру мен пайдалану жүйесін түбегейлі өзгерту қажет екенін айтты. Мәселен, 2019 жылы Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында тауар интервенциясы мүлдем жасалмаған. Өзге аймақтарда интервенциялар бағасы өскен тауарларға жүргізілмей, басқа тауарлар бойынша іске асырылған.
Мысалы, қорлардан 2 мың тонна картоп сатылған. Оның импортқа тәуелділігі төмен болғанымен, бағасы да едәуір өспеген. Ал қарақұмық бағасының 80,5 пайызға өсуі кезінде оның жалпы сату көлемі тек 213 тоннаны құрап, нарыққа әсер етпеген. Тұрақтандыру қорларының шоттары мен депозиттерінде бос жатқан 3 млрд теңге бұрынырақ бюджеттен тауарларды сатып алуға бөлінген.
Бақыт Сұлтанов, сондай-ақ, кей саудагерлердің Қытайдан келетін тауарлар бағасын негізсіз өсіріп жатқанын атап өтті.
"Қазіргі уақытта кейбір саудагерлер Қытаймен шекара жабылғанын айтып, азық-түлік бағасын көтере бастады. Осыған орай, Қазақстан Қытайдан да, Қытайға да тауарлар қозғалысын тоқтатпағанын хабарлаймын. Бұл тек бағаны көтеруге қолданылатын бизнестің жосықсыз әрекеті. Мұндай жағдайға куі болсаңыз, жедел желі арқылы бізге хабарлауды сұраймыз", – деді министр.
Жедел желі номерлері: 8 (7172) 75 16 32, 8 (7172) 74 98 32.
-
1🇰🇿🇺🇸 Посольство Казахстана призывает соотечественников-нелегалов добровольно покинуть США
-
13104
-
3
-
29
-
-
2❗️Кадры с тренировок военного парада в Астане показали в Минобороны
-
2724
-
1
-
13
-
-
3🌡Прогноз погоды на 19 апреля: осадки и гололёд ожидаются на севере, востоке и в центре Казахстана
-
2432
-
2
-
3
-
-
4❗️Учитель получил пожизненное заключение за изнасилование школьницы в Семее
-
2413
-
3
-
32
-
-
5😱 Тренер погиб, дети в больнице: футбольная команда из Павлодара попала в ДТП в Акмолинской области
-
2203
-
3
-
55
-
-
6📱 В Казахстане тестируют детские sim-карты
-
2153
-
3
-
26
-
-
7🚧 Три автобуса в Астане временно поменяли маршруты движения
-
2109
-
1
-
0
-
-
8⚠️ Доброе утро! Предлагаем обзор главных новостей за 18 апреля
-
2219
-
0
-
4
-
-
9🥊Казахский Мейвезер: Я не хочу зазвездиться, специально опускаю руки – появляется кураж
-
2095
-
2
-
27
-
-
10☄️В Семее появился маньяк? В полиции прокомментировали слухи
-
2334
-
0
-
6
-